«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүт фермасын жаңғыртуға қаржы салды

2016 жылғы 01 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
12874 просмотров

Сүт фермасын қайта жаңғырту нәтижесінде жаңа 25 жұмыс орны құрылады

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы «Бородино» шаруа қожалығында бүгінгі күні 80 адам еңбек етуде. Сүт-тауарлы фермасын қайта жаңғыртқан соң, ол биылғы жылдың қазан айында ашылып, сауын сиырлардың саны 320-дан 600 басқа артпақ. Заманауи технологияларды енгізудің арқасында сегіз сауыншы төрт жүз сиырға бас-көз болып жүр. Сүт-тауарлы фермасына қоса мұнда бұзау қора мен төлдерге арналған қора жасалмақ. Мұның бәрі 25 жаңа жұмыс орнын құруға және тұрғындардың жұмыспен қамтылуын көтеруге көмектеседі делінуде.

Базаны жаңарту үшін «Бородино» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Бөкежановқа 140 миллион теңге қажет болған. Сөйтіп сүт-тауарлы фермасын қайта жаңғырту үшін өз қаражатын салған. Қазірдің өзінде шаруа қожалығының басшылығы жаңа жерде жұмыс істейтін жас отбасыларды іздестіру үстінде. Одан бөлек, құрылымға тағы бір ветеринар дәрігер қажет.

«Күн сайын 4 тонна сүт сауамыз. Мал басын көбейткен соң бұл көрсеткіш  10 тоннаға дейін өседі. Өнімді «Восток-Молоко» ЖШС филиалына өткіземіз», – дейді Қ.Бөкежанов.

Қайрат Бөкежанов өз шаруашылығын дамытуға жаңалықтар енгізуден басқа бүкіл ауылдың тұрмыс деңгейін жақсартуға ұмтылуда. Айталық, қайта құрудың қиын жылдарында ол ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратын қамқорлығына алып, сақтап қалған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер