«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан балы экспортқа жөнелтіледі

2016 жылғы 05 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
11170 просмотров

Қытай делегациясы Шығыс Қазақстан облысында бал арасы өнімдерінің сапасын тексеруде

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының көмегімен өңірге Қытай Халық Республикасынан ресми сапармен делегация келді. Шетелдік сарапшылар бал өндіру және оны қайта өңдеу бойынша ШҚО бақылау жүйесіне және «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК филиалына, Қытайға өз өнімдерін шығаруға дайын қазақстандық кәсіпорындардың бал өнімдеріне тексеру жүргізеді.

«Қазақстанның бал өнімдері Қытай Халық Республикасында сұранысқа ие. Бал арасының экспорттық әлеуеті жылына 2 мың тонна, алайда Қазақстан Республикасы ҚХР импорттаушылары тізіліміне кірмейді», – деп атап өтті өңірлік Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Қайрат Мамырбаев. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасын Қытайдың импорттаушылар тізіліміне енгізу ара өсіру шаруашылықтарына өнім өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Ол ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру саласында халықты жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

Ресми сапар барысында делегаттар ҚР ветеринарлық зертханасының филиалына, ара өсіруден алынатын өнімдері қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға барып, Ұлан, Глубокский және Қатонқарағай аудандарындағы омарталарды аралады.

Тексеру жұмысының нәтижесінде, ҚХР-ға импорттаушылар тізіліміне қосу үшін шығарылатын өнімдерінің сапасы бойынша ҚХР талаптарына сай келетін қазақстандық кәсіпорындарды анықтау жөнінде шешім қабылданбақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер