«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шуға барып, жаныңызға шипа табыңыз...

2016 жылғы 14 Қазан
- Жамбыл облысы
8360 просмотров

Шу қаласында «Силуэт» емдеу-сауықтыру орталығы ашылды. Бір жыл созылған жобаның жүзеге асырылуына жергілікті Кәсіпкерлер палатасы атсалысты

Жуырда Шу қаласында «Силуэт» емдеу-сауықтыру орталығы тұтынушыларға өз есігін айқара ашты. Мекеме директоры Дариға Әлмұхамбетова – табысты бизнесвумен, облыстық Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі болып табылады. Өз кәсібін ол бұдан 10 жыл бұрын бастаған. Кәсіпкер шағын ғана бөлмені жекеменшік стоматологиялық кабинет ашу мақсатында жалға алған екен. Ал, бүгінде жеке жер сатып алып, жолдасы Бауыржан Сәмбеков екеуі зәулім екі қабатты ғимарат салды. Оған емдеу-сауықтыру процедуралары, стоматологиялық қызметтер, сән салоны, зертханалалық зерттеу жүргізу кабинеті, жүрек, тірек-қозғалыс мүшелері ауруларын алдын алуға арналған, барлық жабдықтармен қамтылған фитнес-залдар және тағы басқа енген.

«Айта кетерлігі, Дариға Сәбитқызы Кәсіпкерлер палатасында – тегін «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу», «Жобалық оқыту» курстарын тәмамдады. Алынған білім мен тәжірибе алға қойған мақсаттарын іске асыруға жарады деп ойлаймыз. Біз де аталған жобаға қолдау көрсетіп, жер телімін рәсімдеуге көмектестік», – дейді Шу қаласындағы филиалдың директоры Асқар Қомаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер