«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық стандарттар сапасы – кәсіпкерлер белсенділігіне байланысты

2016 жылғы 14 Қазан
- Жетісу облысы
6851 просмотров

Халықаралық стандарттау күнінде кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыс етілді

Халықаралық стандарттау күнінде облыстың Кәсіпкерлер палатасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті өңірдегі кәсіпорындарға алғыс хаттар табыстады. Айта кетерлігі, 14 қазан күні бүкіл әлем бойынша стандарттау күні аталып өтіледі. Қазақстанда сертификаттарды рәсімдеу, куәландыру және берумен Өңірлік кәсіпкерлер палаталары айналысады. Кәсіби мерекеге арналған дөңгелек үстелде Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті бизнес-қауымдастық пен Кәсіпкерлер палатасына алғысын білдірді. Сонымен, электр техника саласында ұлттық стандарттарды енгізгені үшін «Инфраэнерго» ЖШС марапатталса, менеджмент және сапа стандарттарын енгізгені үшін «Когер ЛТД» және «АСПМК-519» компаниялары алғыс хаттарға ие болды.

«Бізге кәсіпкерлік қауымдастықпен тығыз жұмыс істеу өте маңызды. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кеңестеріңіз жаңа сапалы стандарттар жасауға негіз болады. Сондықтан біз барлық кәсіпкерлік субъектілерін ұлттық стандарттар жасауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз», – деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Әбсамат Әкімов.

Сондай-ақ облыстың кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының өкілі бизнестің назарын қонақ үй бизнесі саласында әзірленіп жатқан жаңа стандарттарға аударды.

Өз кезегінде, «Инфраэнерго» компаниясының сертификаттау менеждері Мира Смағұлова кәсіпкерлер атынан Кәсіпкерлік палатасына дер кезінде көрсеткен көмегі үшін, Техникалық реттеу және бақылау комитетінің департаментіне Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты ұйымының стандарттарын әзірлеуге көмектескені үшін алғыс білдірді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті сертификаттау жөніндегі сарапшылардың жұмыстарына жоғары баға беріп, ӨКП директорына алғыс хат табыс етті. 9 айдың ішінде Кәсіпкерлер палатасы «СТ-1» формасындағы және «СТ KZ» формасындағы 859 сертификат бергендігін айта кету қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер