«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Толық шешімін табуы талап етіледі

2016 жылғы 09 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
9059 просмотров

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыста «Заң және кәсіпкер» акциясы басталды

Бизнес мәселелерін жан-жақты зерттеу мен оларды шешу үшін прокуратура мен облыстың Кәсіпкерлер палатасы «Заң және кәсіпкер» акциясын бастады. Бизнесмендерден түскен әр шағым заңбұзушылық толық жойылмайынша, ерекше бақылауға алынатын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий айтып өткендей, басты мақсат – бизнес-құрылымдардың экономикалық қызметінің мүддесі мен еркіндігі.

«Шығыс Қазақстанда «Заң және кәсіпкер» акциясын өткізу дәстүрге айналды. Онда кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер қозғалады. Кәсіпкерлерде өз проблемаларын шешу үшін, мемлекеттік орган өкілдерімен кездесуге уақыт та, мүмкіндік те бола бермейді. Сондықтан ондай кездесулерді біз ұйымдастырып отырмыз. Қолдан келгенше кәсіпкерлердің барлық санатын қамтимыз», – деді Игорь Шацкий.

«Заң және кәсіпкер» науқаны бизнес мәселелерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде облыстық прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері облыстағы барлық сауда үйлері мен базарларда қабылдау күндерін өткізді.

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында сындарлы пікір алмасу үшін, келесі аптадан бастап, бизнесмендер жергілікті атқарушы, монополияға қарсы, құқық қорғау органдарының өкілдерімен, даму институттарымен және табиғи монополиялар субъектілерімен кездесу өткізіп, онда әрбір кәсіпкер өзінің проблемаларымен бөлісіп, көкейіндегі сұрақтарға жауап ала алады.

Өткен жылғы науқан қорытындысы туралы айтатын болсақ, облыстың 1 мыңнан астам кәсіпкері акцияға қатысқан болатын. Олар 800-ден аса өзекті сұрақ қойды. Мысалы, Аягөз ауданында өткізілген акция аясында аудандық білім бөлімінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен 14 жеке кәсіпкердің құқығы қорғалған. Білім бөлімі кәсіпкерлердің алдындағы 29322971 теңге сомасындағы қарызын төлемей қойған. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде мекеменің кәсіпкерлер алдындағы қарызы толық өтелді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер