«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атаулы күнге айрықша марапат

2016 жылғы 15 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
8346 просмотров

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыстың үздік кәсіпкерлері марапатталды

«Бүгінде біз өзіміздің тарихи міндетімізді атқарып, тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстан құруға атсалысып келеміз. Ширек ғасырда берік мемлекет құрып, жаңа экономика мен қоғамның негізін қаладық. Тәуелсіздік күні Отанымызбен келер ұрпақтың игілігіне бағытталған барлық мақсаттарға қол жеткізуге серпін берер айрықша күн болатынына сенімдіміз», – деп құттықтады Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры  Игорь Шацкий.  

Өңірлік палата басшылығы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атынан, жеке кәсіпкерлік пен экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін, «Өз ісіне адалдығы үшін» 3 дәрежелі медалімен «Восток-Молоко» ЖШС директоры Сейілжан Сайлаубаевты, «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі төрағасы Ғани Қасымовтың атынан, облыс кәсіпкерлерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда өлшеусіз үлес қосқаны үшін, ШҚО КП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі төрайымы Галина Казанцеваны арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты жиынның марапаттау рәсімінен кейін «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры атынан Алғыс хаттар табыс етілді. 

Сонымен, Алғыс хаттар «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың атынан, «Алтын сапа» байқауына қатысқаны үшін «Төре Тоғам» ЖШС-на, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың атынан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кәсіпкерлік қоғамдастықты нығайтуға айрықша үлес қосқаны, өз ісіне адал болғаны әрі кәсіби біліктілігі үшін – облыстық прокуратураның құқықтық қорғау басқармасының басшысы Рүстем Шідердиновке, ШҚО прокурорының көмекшісі Лаура Айкенова мен «ШҚО орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі» ЗТБ төрағасы Владимир Резановқа табысталды.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры атынан «Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін, бизнестегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуіне байланысты» бірқатар үздік кәсіпкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, ШҚО КП директоры атынан «Біліктілігі үшін, жұмыстағы жетістіктері мен өз ісіне адалдығы үшін, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай» өңірлік палата қызметкерлері деалғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, бұған дейін Кәсіпкерлер палатасы директоры Игорь Шацкий  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер