«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экологиялық төлем ауыртпалығын байқатуда

2017 жылғы 05 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
7097 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері ҚР «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына өзгертулер енгізу қажет деп есептейді

Бұл туралы кәсіпкерлер Мәжіліс депутаты Артур Платоновпен кездесу барысында айтты.

Өңір кәсіпкерлерінің сөзінше, олар өз жұмысшыларының айлық төлеміне шамамен 4 АЕК экологиялық үстеме төлеп жүр екен. Сондай-ақ олар жыл сайын жұмысшыларға 10 күндей қосымша демалыс ұсынуға мәжбүр болып отырғандықтарын жеткізді.

«Бұл төлемдер 90-жылдарға дейін КСРО-да өткізілген ядролық сынақтардың салдары ретінде іске асырылу керек еді, алайда олардың зияны жеке кәсіпкерлерге тиіп жатыр», – дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Осылайша өңір кәсіпкерлері қосымша әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мәжбүр,  оған қоса басқа өңірлердегі кәсіпкерлермен тең емес жағдайда жомы жасауда. Бизнесмендер әлеуметтік салық төлейді және экологиялық төлем соның есебінен жүзеге асырылса дейді.

Олардың пікірінше, Қазақстан Республикасы «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-бабының 1-тарауына өзгерістер енгізу қажет.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысушылар Өскемен қалалық жолаушыларды тасымалдаушылар салығы бойынша мәселе де әлі шешімін таппағандығына наразы. Оған қоса, жеңілдетілген салық тәртібі бойынша оларды құқығынан айырған. Нәтижесінде мемлекеттік кіріс органдары «VoSca» ЖШС, «Рост» ЖШС, «Вебас» ЖШС, «АТЦ БЭСТ» ЖШС, «НаНиТо» ЖШС-на салықтық тексеру жүргізіп, тасымалдаушыларға 4,1 млрд мөлшерінде салық пен өсімпұл салған.

«Біз бұл қосымша сомаларды төлеуге қарсымыз. Себебі мемлекеттік органдар салық салынатын кірістерді жасау кезінде, қаралып отырған кезеңдер ішіндегі көлік құралдарын жалға алушылар төлеген салықтарды есепке алмаған», – деді бірауыздан тасымалдаушылар.

Олардың сөзінше, өкілетті органдар ЖК кірістері мен шығындарын бекіту мақсатындағы  қарсы тексеруді белгісіз себептермен  өткізбеген.

Кездесуді қорытындылай отырып, Артур Платонов осы мәселелерді шешуде көмек көрсетуге уәде берді.

«Маған көптеген өтініштер келіп түседі, олардың көпшілігі эмоцияға толы. Бүгінгі кездесу мені өзінің сындарлығымен таңғалдырды. Бірінші рет мен бизнесмендермен анық әрі шынайы, өзекті проблемалар сөз болған әңгіме-дүкен құрдым», – деп атап өтті ол.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер