«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бірегей сауын цехы іске қосылды

2017 жылғы 11 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
7826 просмотров

Шемонаиха ауданында ерекше сауын цехы бар сүт-тауар фермасы ашылды

Ашылғанына бар-жоғы алты ай толған сүт фермасы, бүгінде, сағатына 150 сиыр саууға мүмкіндік беретін заманауи қондырғының арқасында, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді.

Айта кетерлігі сүт-тауар фермасы «Камышинское» шаруа қожалығы базасында іске қосылған көрінеді. Қожалықта жалпы 3700 ірі қара мал бар деп есептелінеді. Олардың  1100-і – сауын сиырлар екен. Облыс нарығына шаруашылық күн сайын 38 тонна сүт жөнелтілуде. Ал, жаңа ферманың ашылуына байланысты, өндіріс мөлшері бұрынғыдан да көбейеді дейді қожалық өкілдері.

Шаруа қожалығының басшысы Владимир Акуловтың айтуынша, ферма құрылысы кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Мәселен, қондырғының өзіне 181 млн теңге жұмсалған.

Жаңа ферманың ашылуымен құттықтаушылар қатарында облыс және аудан басшылығы да болды. Сонымен қатар, қожалық басшысының қуанышын бөліскендер арасында Кәсіпкерлер палатасы, республиканың ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдары өкілдері, оның ішінде, ел аумағына танымал «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры,  Қазақстанның Еңбек ері Иван Сауэр де бар.

«Камышинка ауылының тұрғындары бұрыннан бері өздерінің еңбекқорлығымен танымал. Мұндай ферманың ашылуы – ел үшін маңызды оқиға болып табылады. Осы фермадағы сияқты сауу залын, мен Қазақстанның ешбір аумағынан бұрын-соңды көрмеппін», – деп атап өтті Иван Сауэр.

Айта кетер жайт, әзірге бұл шаруа қожалығы жұмысын жандандырудағы бастапқы қадамдардың бірі болып отыр. Алдағы уақытта,  қожалық осы іспетті, 340 бас малға арналған екінші сүт-тауар фермасын ашуды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер