«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Миллиардер болам десеңіз...

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6902 просмотров

Жоғарғы сынып оқушыларына кәсіпкерлік қызметтің негіздерін тегін оқытатын жоба іске қосылды

Курста өңірлік Кәсіпкерлер палатасының тренерлері дәріс оқыды. Алғашқы сабақ бүгін №11 орта мектептің базасында өтті. Оған 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты. Іскерлік білім беру жобасы «Табыс кілті» атты дәріс-сабақтан басталды. Оны Кәсіпкерлер палатасы облыстық Білім басқармасымен бірге ұйымдастырды. Болашақ бизнесмендерге арналған алғашқы сабаққа Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов қатысып, іске асырылып жатқан жобаның мақсаты туралы айтты.  Жоба оқушылардың көшбасшылық қасиетін дамытып, қаржылық сауаттылығы мен коммуникативтік дағдысын арттыруды көздейді. Сонымен қатар, олардың емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындап, болашақ мамандықтарын анықтауға көмектеседі. Палата өкілдері осындай тренингтерді барлық мектептерде тұрақты өткізуге ниет танытып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер