«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жемқорлыққа бейім осал тұсымыз қайсы?

2017 жылғы 24 Қаңтар
- Ақмола облысы
8082 просмотров

Облыстағы жер қатынастары мен көліктік бақылау салаларына қоғамдық мониторинг өткізілетін болды 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылғаны белгілі. 

Жол картасы аясында денсаулық сақтау, жергілікті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметті дамытуы, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, көліктік бақылау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жергілікті атқарушы орган өткізетін мемлекеттік сатып алулар, салықтық және кедендік әкімшілеу, табиғатты пайдалану және экология, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өрт сөндіру, өнеркәсіптік қауіпсіздік, сот актілерін орындау секілді 16 саладағы жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтардың орын алуына алып келетін себептер мен жағдайлар анықталып, сараланады.

Қоғамдық мониторинг барысында ақпараттар барлық қолжетімді дереккөздерден алынады (Кәсіпкерлер палатасына жазылған өтініштер, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың ресми хаттары, кәсіпкерлер ұсынған жұмыс тәртібі туралы мәліметтер, БАҚ бетінде жарияланған материалдар, жалпыға қолжетімді деректер базасы және тағы басқа).

Жоғарыда аталған салалар бойынша жағдайларды саралау жекелеген өңірлерде ғана емес, бүкіл Қазақстанда жүргізілетін болады.

Жекелей алғанда Ақмола облысында жер қатынастары мен көліктік бақылау саласы мониторингтен өткізілмек. Барлық сұрақтар бойынша Ұлттық палатаның сall-орталығына хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін, қоңырауларды Кәсіпкерлер палатасына бағыттау қарастырылған): 59-79-60 (кез келген қаладан), 259-79-60 (Алматы қаласы үшін), ӨКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі: 8 (7162) 722-537, 722-538, 722-544, e-mail: v.gerashenko@palata.kz, r.syzdykov@palata.kz, a.arapova@palata.kz, o.suleimenov@palata.kz.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер