«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

16 сала сарапталады

2017 жылғы 26 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
6698 просмотров

Облыстағы мемлекеттік сатып алулар, табиғатты пайдалану және экология салаларына мониторинг өткізілмек

Облыста жергілікті атқарушы органдардың табиғатты пайдалану және экология салаларында өткізетін мемлекеттік сатып алулары туралы деректер жиналып жатыр.

Осы міндет аясында Ұлттық палата мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет  істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жөнінде Жол картасы бекітілген.

Жол картасы аясында денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмыстары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, көліктік бақылау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жергілікті атқарушы орган өткізетін мемлекеттік сатып алулар, салықтық және кедендік әкімшілеу, табиғатты пайдалану және экология, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өрт сөндіру, өнеркәсіптік қауіпсіздік, сот актілерін орындау секілді 16 саладағы жемқорлық заңбұзушылықтардың пайда болуына алып келетін себептер мен жағдайларды анықтау, талдау қарастырылған.

Қоғамдық мониторинг барысында ақпарат барлық қолжетімді дереккөздерден жиналды (Кәсіпкерлер палатасына жазылған өтініштер, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың ресми хаттары, кәсіпкерлердің жұмыс тәртібінде берілген мәліметтері, БАҚ-та жарияланған материалдар, жалпыға қолжетімді мәліметтер базасы және тағы басқа).

Жоғарыда аталған салалар бойынша жағдайларды талдау жекелеген өңірлер бойынша ғана емес, бүкіл Қазақстанда жүргізіледі. Елдің шығыс өңірінде мемлекеттік сатып алулар, табиғатты пайдалану және экология салалары мониторингтен өтетін болады.

Барлық сұрақтар бойынша Ұлттық палатаның сall-орталығына хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін, қоңырауларды Кәсіпкерлер палатасына бағыттау қарастырылған): 59-79-60 (кез-келген қаладан), 259-79-60 (Алматы қаласы үшін), ӨКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі: 8 (7232) 742-103, e-mail: n.ganeyeva@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер