«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Авангард плюс» мектебі кәсіпкерлердің жаңа легін қалыптастырады

2017 жылғы 18 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
8216 просмотров

ШҚО-да Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі жанынан құрылған жас кәсіпкерлер мектебінің ІІ маусымы басталды

15 наурыз күні ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің «Авангард плюс» қыздарға арналған кәсіпкерлік мектебінің ІІ мауысымы басталды. Мектеп Шығыс-Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында құрылған. Кәсіпкерлікті тегін оқытатын бұл мектептің бастамашысы, авторы және жетекшісі ШҚО ӨКП  Іскер әйелдер кеңесінің  төрайымы, табысты бизнесвумен, «Регион Press» іскер басылымның иесі, Өскемен әкімінің жыл сайынғы «Жыл кәсіпкері» байқауының үш дүркін жеңімпазы  Елена Березинская-Әбілова.

 Кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін мектеп бастапқыда нөлге тең қаржымен, қоғамдық негіздерде құрылып, өскелең ұрпақтың білімін жетілдіру үшін жоба қатысушыларының күшімен ашылған болатын. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы жоғары оқу орныдарының 60-тан астам студенттері келді, оның ішінде 6 бозбала бар.

 Келген қонақтарды сәлеммен қарсы алып, жаңа буынға құттықтау сөзбен ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының өкілі, жоба үйлестірушісі Любовь Лазарева, ШҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, жоба үйлестірушісі Христина Дорошенок, ШҚО ӨКП бизнес-тренеры Талғат Қасенов, сонымен қатар кәсіпкерлік мектептің бірінші маусымының түлегі Севда Мадатова шықты.

Жаңа буын оқушыларға Кәсіпкерлік мектептің көздеген мақсаты мен міндеттері туралы айтылды. Іскер әйелдер кеңесі қыздарға арналған кәсіпкерлік семинарларын жүргізіп отыр. Бірінші маусымда оқыған  бойжеткен қыздар «Авангард+» мектебі жайлы ыстық ықыластарын білдіруде. «Бұл жоба шын мәнніде бірегей. Біз мектеп бағдарламасы жедел курстарға негізделгенін түсінеміз. Алайда келешекте коучтарға көп сағат бөліп, сабақтарды аптасына екі рет өткізсе деген тілегіміз бар. Өз ісін сәтті бастаған табысты іскер әйелдермен кездесу өткізге бізге жақсы үлгі болар еді. Осыған байланысты менің ұсынысым: Семинарлар уақытын көбейту; БАҚ тізіміне Өскемен блогерлерін қосу; практикалық сабақтарда курсанттарға қатаң талап қою. Менің ойыша несиелеу тақырыбы бойынша көп нәрсе қамтылмады. Жалпы коучтар өте білімді. Олар оқушыларды құлшындыра алады, өз күшіне сендіре алады, біз көп білім алдық», – деді мектеп түлегі Сания Маралбек.  

Жаңа маусымда ұйыдастырушылар бітірушілердің тілегін назарға алып, сабақтар мен коучтар санын 9-дан 14-ке көбейтті.

Екінші маусымның ашылу салтанатына мектеп түлегі Севда Мадатова арнайы шақырылды. Үздік оқушы мектепті бітіре сала өзінің жеке бизнесін ашқан. Жастардың кәсіпкерлікке бейімделуі, кедергілерден қорықпауы, алған білімдерін кәдеге асыруы «Авангард+» ұстаздарының көздеген мақсаты. Іскер Севдаға және басқа талапты қыздарға қарап, бұл жобанаың қоғамға қажет екенін, мақсат орындалып жатқанын байқауға болады. Севда Мадатова бүгінде «Севда» атты сұлулық салонының иесі, талапкерлермен өз тәжірибесімен бөлісіп, «Авангард+» мектебінің бизнес ашуға үлкен әсер еткенін айтып берді. Севда Мадатова ШҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Әбиловаға тамаша мүмкіндік сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

 «Авангард+» мектебін бітіргендерге ШҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесі тегін кеңес беріп, қажет болса жеке кәсіпті ашуды ұйымдастыруға көмектесетін болады.   «Біз сіздердің бизнес әлеміне енуге көмектесетін боламыз. Мектеп берген білім арқылы бизнесті сәтті бастап, табысты болуға мүмкіндік зор», –деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер