«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Арманның орындалатыны рас

2017 жылғы 29 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
6452 просмотров

Көкпекті ауылында тұратын Жанна Жабекова ұнататын ісін бизнеске айналдырды

Бірнеше жыл бұрын Жанна Жабекова көлік апатына ұшырап, мүгедектер арбасына таңылды. Осыдан бастап оның өмірі «дейін» және «кейін» деген екі бөлікке бөлінді. Алайда, басына түскен қиыншылыққа қарамастан, сүйріктей арудың сағы сынған жоқ. Жанна өзінің қабілетін пайдаланатын тетіктерді интернеттен үздіксіз іздеді. Көңілінен шыққан сүйісті ісін де тапты – Жанна жұмсақ ойыншықтарды тігуді, себет тоқуды, моншақтан түрлі заттарды жасауды үйренді. Қолынан шыққан дүниелерді достарына, туыстарына тегін сыйлап келді.

«Қолөнер мені өмірге қайта әкелді. Басымдағы қиындықтарға қарамастан сезінуді, өзімді шығармашылық адамы ретінде дамытуды, тәуелсіз болуды үйретті. Өмірге деген құштарлығым артты. Кез келген адам өзінің әлеуметтік жағдайы мен деңгейіне қарамастан тұлға ретінде дамуға мүмкіндігі бар екенін түсіндім», – дейді Жанна.

Өзінің мақсатқа талпынушылығы мен Кәсіпкерлер палатасының көмегімен Жанна бизнес-оқу курсынан өтіп, сертификатқа ие болды. Ал Палата қызметкерлері бизнес-жоспар дайындап берді. Жас қолөнерші қарапайым адамдардың қолынан келе бермейтін оңай шаруаны атқарып, 3 млн теңге сомасындағы қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұл жетістік өзі ұнататын істі нағыз бизнеске айналдыруға мүмкіндік берді.

Жақын арада ғана Жаннаның өмірінде ең басты оқиғаларды бірі орын алды – жұмсақ ойыншықтар тігетін цехын салтанатты түрде ашты. Енді жас кәсіпкер материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіліп қана қоймай, сүйісті ісімен айналысуға әрі сатуға мүмкіндік беретін тұрақты жұмыс орны да бар. «Жаннаны ендігісі бүкіл Қазақстан ғана танымайды, ол өте мықты әрі қойған мақсатына талпынысы зор», – дейді Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Көкпекті ауданы бөлімшесінің директоры Әлия Мұқашева.

Іс-шара барысында Жанна өзінің қызметі мен болашақтағы жоспарлары туралы жан-жақты ақпарат берді. «Осыншама адамның маған тілектес болғанына тәнтімін. Бүгін менің арманым орындалды – мен цех аштым және енді өз ісімді жүргізіп, оны кеңейте аламын. Ең алдымен сенім ұялатқан ата-анама алғысым шексіз. Осы цехты әкем өз қолымен жасады. Мен шексіз бақыттымын! Сондай-ақ Көкпекті аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Әлия Орымбекқызы мен оның командасына да алғыс білдіремін. Маған қолдау білдірген барша жанға рахмет айтамын», – деп ағынан жарылды.

Ашылу салтанатында Жанна мен оның отбасына арналған жылы лебіздер толастамады.

«Жанна барлығына арманның орындалатынын дәлеледі. Бүгінде кез келген адам өз мақсатына жету үшін бастысы қадам жасау керек. Жаннаның кәсіпкер ретінде мүмкіндіктері үлкен деп зор сеніммен айта аламын, себебі бүгінгі жетістігі – оның әлеуеті мен рухани мықтылығының айқын дәлелі. Біздің өңірімізде Жаннадай талапшыл адамдардың бар екеніне қуаныштымын», – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер патасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская–Абилова

Қазір Жанна жалғыз өзі жұмыс істейді және айына 30 ойыншық тігіп отыр. Отбасы тапсырыстарды жеткізіп беруге көмектеседі. Жаннаның интернет-дүкені бар. Әлемнің кез келген жерінен тапсырыс беруге болады. Ал енді аудан тұрғындары мен қонақтары ойыншықты Жаннаның цехынан да ала алады. Бүгінде еліміздің бірнеше қалаларындағы фирмалармен брендті ойыншықтарды тігеуге үшін келісімшарт жасалған.

Іскер ханым өз ісін кеңейтіп, бүгінде киім жөндеу мен тігуге тапсырыс қабылдауды бастаған. Жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Тіпті киім пішетін маманға да сұраныс бар.

Арманын орындауға деген талпынысы өз күшіне күмәнмен қарайтын әрбір жан үшін үлгі боларлықтай. Жанна ықылас болса, кез келген істің орындалатынын дәлелдей білді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер