«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Франция келешекке бағдар жасады

2017 жылғы 01 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
7652 просмотров

1 тамыз күні Ұлттық палата базасында Франция және Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік субъектілерінің кездесуі өтті

Бұл кездесу  Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьеннің басшылығымен B2B форматында өтті. Дипломат француз агроөніркәсіп компаниялардың эмиссарлары, екі елдің бірлескен кәсіпорындары өкілдері, яғни Қазақстан территориясында 10 жылдан астам жұмыс істеп жатқан бизнесмендермен бірге келді.

Жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездескен француз елшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының билік пен бизнес арасындағы байланыстырушы, кәсіпкерлерге тікелей қолдау көрсетуші инстутит ретіндегі маңызын атап өтті.

Оның айтуынша ҰКП заңдық кеңес беру саласында мәртебесін жоғарылату арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін саны айтарлықтай өсіп, экономика дамуындағы байырғы мәселелер, оның ішінде әкімшілік кедергілер азайып,  шешімін тауып келеді.

«Бұл кездесуде кәсіпкерлердің өзара диалог құрып, байланыс орнатуы маңызды. B2B форматындағы үнқатысу тиімділігі жоғары секторларда байланыс орнатып, жаңа жобаларды іске асыруға жол ашады», – деді Франсис Етьен.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий француз елшісіне шығыстағы әлеуеті жоғары экономика салалары туралы айтып, екі тарапқа да тиімді болатын бастамалар жайында сөз қозғады. Кәсіпкерлер өзара еркін сұхбаттасып, тиімді байланысқа себеп болар бағыттарды талқылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер