«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге арналған жедел жәрдем

2017 жылғы 07 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
9145 просмотров

Шығыста кәсіпкерлікті қорғау бойынша жедел топ құрылды 

Енді кез келген кәсіпкер мемлекеттік тексеруші органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен қызметтерін асыра пайдаланулары, сонымен қатар кәсіпкер мүдделері мен құқықтары бұзылуы туралы сенім телефоны арқылы хабарлай алады: 8/7232/ 61-40-60, 61-40-63, сонымен қатар өтінім-арыздар мына электронды почталарға жіберуге болады: 7237210@kgp.kz7237221@kgp.kz

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап, заңсыз әрекеттерді жою мақсатында жедел топ оқиға орнына бірден барып, мәселені шешуге кіріседі.

Кәсіпкерлер назарына: кез келген тағайындалған тексерудің заңды жүргізілуін білу үшін арнайы «Qamqor» мобилді қосымша іске қосылған.

Айта кетелік, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы базасында ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп басқарамысының қызметкерлері өтінімдер мен арыздарды қарастыру мақсатында әр бейсенбі, сағат 14:30-дан 18:30-ға дейін бизнесмендермен кездесу ұйымдастыратын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер