«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО жастары Түркияда тәжірибеден өтпек

2018 жылғы 25 Қаңтар
- Шымкент қаласы
11323 просмотров

Туризм саласының болашақ мамандары шетел тәжірибесімен танысады

Шымкент студенттеріне Түркия елінің үздік қонақ үйлерінде тегін тағылымдама бағдарламасынан өту мүмкіндігі туып отыр. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы «Business & TravelCentralAsia» ЖШС-мен бірлесіп жаңа жобасын ұсынды.

Түркия елі мәдениет пен туристік орталық екендігі белгілі. Оңтүстік жастары үшін ұсынылған бұл жоба – шет елдерде жүріп, алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде пайдалынып, туризм саласында табысты қызметке қажетті тәжрибе жинақтауға  жол ашады.

«Өздеріңіз білетіндей ОҚО-да туризм саласы дамып келеді, яғни, жаңа қонақ үйлер көптеп ашылып, демалу орталықтары да көбеюде.  Кәсіпкерлер палатасы бизнеспен қоса жас мамандарды да қолдайды. Біз жас мамандардың шет елдерде оқып, тәжірибе жинақтауларының кез келген тетіктерін үнемі қарастырып отырамыз. Бұл ұсынылып отырған жоба жастарымызға туризм, халықаралық қызмет, қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі салаларында біліктіліктерін арттыруға зор мүмкіндік береді» – деп атап өтті палата сарапшысы Мадина Тұрсынбекова.

Жастардың тағылымдамадан өту бағдарламасында барлық жағдайлар жасалған: ақысыз екі бағытта ұшумен қатар, тамақтану, медициналық сақтандырулар, айына 125 мың теңгеден бастап жалақы және CaspianAcademy тіл орталығында түрік тілін тегін үйрену курстары да қарастырылған.

CaspianAcademy тіл орталығы мен Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Қазақ-Түрік қауымдастығы мамандары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Мирас университеті студенттері арасында жоба бойынша түсіндіру шараларын өткізді. Тағылымдама бағдарламасы, әсіресе, туризм саласында білім алып жатқан студенттердің қызығушылықтарын тудырды.

«Бұл бағдарлама Түркия елінің Анталья қаласында өтетіндігі маған қатты ұнады. Себебі, университет қабарғасындағы 1-2 курстағы тәжрибе жұмыстары Түркияда өтіп, жақсы әсер алып қайтқан болатынмын. Өзімнің мамандығым туризм саласында болғандықтан, мамандығымды бұдан әрі шыңдау мақсатында және келешекте өз орнымды табуға бұл жоба өз септігін тигізеді деген ойдамын. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалғаны да қуантады», – дейді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Дос Шаймерденов.

Айта кетейік, тәжірибе бағдарламасына жасы 18 ден 45 жас аралығындағы кез келген саладағы мамандар қатыса алады. Алты айға созылатын бұл жоба жастарымызға шет елдерді көріп,  тәжірибе алмасуға, тіл үйренуге, өздеріне қажетті жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, еліміздегі туризм саласын дамытуға да өз септігін тигізеді деген ойдамы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер