«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық бойынша 70 млн теңгеден астам төлемдер заңсыз деп танылды

2018 жылғы 21 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
5260 просмотров

Екінші инстанциялы сот және апелляциялық комиссия «Лайт» ЖШС-на салынған қосымша салық салымын алып тастады

ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері кәсіпорынға 123 858 225 теңге көлемінде қосымша салық салған, оның ішінде ҚҚС бойынша – 53 847 316 теңге, корпоратвиты табыс салығы бойынша – 70 010 909 теңге салынып отыр.

 «Өтінімді қарау барысында қосымша салықты салуға ҚҚС сомасын есепке алу  және басқа кәсіпорынмен өзара есеп айырысу бойынша шығындар сомасынан шегерімдерді алып тастау әрекеті себеп болған. Осы ретте кәсіпкердің  бастапқы және бухгалтерлік құжаттарын Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері тексермеген, сондықтан органдардың сәйкес құқықтық бағасы берілмеген», – деді ШҚО ӨКП сарапшылары.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы бұзылған құқықты қорғау мақсатында бизнес субъектісімен бірлесіп, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің ескертуін заңсыз деп тану бойынша сотқа талап арыз дайындайды.

Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Корпоративті табыс салығы бойынша – 41 622 679 теңге мен 6 388 231 теңге өсімпұл және ҚҚС бойынша 19 639 524 теңге мен 72 107 266 теңге көлемінде салынған өсімпұл заңсыз деп танылды.

Басқа салынған салық сомасы бойынша өтінімді сот қараудан бас тартты, өйткені кәсіпкер сотқа дейін қосымша салынған салықтың жартысын төлеп қойған.

Шығыс Қазақстан облыстық екінші инстациялы сотының апелляциялық алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер