«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдық округ әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартты

2018 жылғы 22 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
6131 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасына құқық және заңды мүддені қорғау мәселесі бойынша «Руслан и К» шаруа қожалығының басшысы Марватжан Абдрахманов өтінім жасады

 Анықталғандай кәсіпкер елдімекеннің бұрынғы басшысының рұқсатымен иесіз тұрған үйді бұзады да сол жерге өзіндік халыққа қызмет көрсету кешенін сала бастайды. Алайда, құрылыс жүргізіліп жатқан уақытта ауыл тұрғыны Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына ескерту жасамайды. Бородулихин ауылдық округінің жаңа әкімі осы лауазымға тағайындалған соң бірден сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат жазады, көздегені – шаруа қожалығы басшысына айыппұл салу, өйткені кәсіпкер құрылысты жер учаскесінің мақсатты нысанын өзгертпеген.

 «Аудандық сотта мен өз кінәмді мойындадым, өйткені бұл құқық бұзуды білместіктен жасадым. Сот айыппұл салды, мен оны төледім», – деп түсіндірді кәсіпкер.

 Кейін кәсіпкер барлық жетіспейтін құжаттарды жинап, Сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан қажетті қорытындыны алады, алайда ауылдық округі басшысы бұл құжаттарға қол қоюдан бас тартты. Осы екі ортада әкім сотқа тағы екі талап арызды беріп үлгерген, онда құрылыс заңсыз, өйткені жердің мақсатты нысаны өзгермеген, сондықтан құрылысты тоқтату керек делінген. Айта кетелік, сот дауы жүріп жатқан уақытта құрылыс тоқтап тұрды. Нәтижесінде сот кәсіпкерді ақтап, ал әкім әрекеті «кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық» деп танылды.

 «Кейін ШҚО Кәсіпкерлер палатасы талап арыз берушіге жауап дайындады, сонымен қатар шарт бойынша өкіл ретінде сот отырысына қатысу мүмкіндігі туды. Апелляциялық алқаның 2017 жылдың 9 ақпан күнгі  қаулысымен бірінші инстанциялы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Заңдық күшіне енген сот актілері негізінде ӨКП  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне Бородулихин ауылдық округі әкімі М.Арғумбаевқа қатысты шешім қабылдауды,  онда палата Этика бойынша кеңесінен  М. Аргумбаевты  лауазымынан босату туралы мәселені қарастыруды сұрады»,– деді ӨКП сарапшылары.

Этика бойынша кеңесте аудан әкіміне шенеунікті қызметінде төмендету ұсынылды. Бұл шешіммен келіспеген ӨКП өкілдері өтінімді берілген жазаны қатаң жазаға ауыстыру мақсатында ШҚО прокуратурасына жолдады. Онда шенеунікті қылмыстық немес әкімшілік жазаға тарту көзделген. Бұл өтінімді Прокуратура ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроға жібереді. Департамент тексеру жүргізген соң шенеунікке әкімшілік жасалау қолданылды.  

 Айта кетелік, 2017 жыл ішінде ШҚО ӨКП бизнесті қорғау бойынша жұмысы нәтижесінде кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін 37 шенеунік жауапқа тартылды, оның біреуі қызмет орнын босатты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер