«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жасампаз» консорциумы су тасқынынан зардап шеккендерге киім мен қаражат жөнелтті

2018 жылғы 19 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
8058 просмотров

«Атамекенiм» республикалық акциясының аясында Консорциум Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті

Кәсіпкерлер балалар мен ересектерге арнап жылы киім жинауды ұйымдастырып, гуманитарлық көмекті қолға алды. Күртелер, костюмдер, тоқыма бұйымдары мен басқа да жылы киімдерді, сондай-ақ оқушыларға қажетті мектеп формасын жинақтады. Қайырымдылыққа 7 мың киім мен 1500-ден аса аяқ киім дайындалды. Сонымен қатар Консорциум мүшелері төсек-орын жаймасы мен жабдықтары, жастық, көрпе, матрацтарды жөнелтті. Жалпы алғанда 7 млн теңгенің көмегі көрсетілді.

Мұнымен қоса «Жасампаз» зардап шеккендер 1 млн теңге қаражат аударды

««Astana Ютария Ltd» компаниясы Консорциум мүшесі ретінде бұл шарадан қалыс қалмады. Біз балалар мен ересектерге арнап ең қажетті заттарды жинақтадық. Сондай-ақ қаржылай көмекті де ұйымдастырдық. Қайырымды жандарды, кәсіпкерлерді су тасқынынан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созуға шақырамыз», - дейді «Astana Ютария Ltd» компаниясының заңгері Азамат Әбдірасылов. 

«Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастады. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бақытталған.

«Жасампаз» консорциумы отандық мата, фурнитура және дайын өнім өндіретін кәсіпкерлерден құралған. Консорциум жұмысы отандық өнім дайындауда жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған. Консорциум жұмыс орнын сақтап әрі жаңа жұмыс орнын ашуды қолға алған. Өнім өндірушілерге сапалы фурнитура мен  шикізатты жеткізу мақсатында дайындаушы-зауыттардың бірыңғай орталықтандырылған базасы құрылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер