«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

1000 жылдық тарихы бар қалаға іссапар

2018 жылғы 18 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
6205 просмотров

Қазан мен Йошқар Ола қалаларына сапардың мақсаты – мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру, қарым-қатынасты дамыту мен туризм саласында тәжірибе алмасу.

 «Татарстан Республикасына барған сапар барысында Татарстан Республикасының туризм бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы С.Ивановпен, Татарстанның Туризм дамыту орталығының бас директоры Д. Садыковамен кездесу өткізілді.  Республикада туристердің сан мен сапасына жасалған талдау, туристік сала субъектілерімен ара-қатынас механизмдері, сервистің жақсарту бойынша жобалар,  «visit-tatarstan» бірыңғай брендін құру мен сүйемелдеу және шеберлерге сапалы кәдесыйлар жасауға көмектесу бойынша республика жасап жатқан шаралар талқыланды», – деді «ШҚО Туристік қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Серік Жүнісов.

Туристерге қонақжайлылық ортасын құрудағы  «Дружелюбная Казань»  атты жобалар және «Ассамблея туристских волонтеров» мамандарды дайындау саласы біздің делегацияға ұнады. Қазанда қолға алынып жатқан жұмсақ инфрақұрылым бойынша жұмыс Өскемендегі басталамарға ұқсас.

Серік Жүнісовтың айтуынша Татарстанда «орналастыру жерлерден ақша жинауды» енгізу мәселесі талқыланды. Татарстан Республикасының мемлекеттік комитеті мен туристік сала субъектілері жылына 3,1 млн ғана  турист келетін болса «Bed tax» ақша жинауды енгізу орынсыз деп есептейді. Осы мәселе Қазақстанда да қызу талқылануда.

Сонымен қатар делегация құрамындағы біздің бизнесмендер «Нұр Тау» демалыс аймағы мен «Рахмановские ключи» шипажайының директоры Роза Байғазиев, ресторатор Мұхтар Тойбазаров, туроператор Валерия Топольняк «visit-tatarstan» бірыңғай брендін құру мен сүйемелдеу әдісін жақсы бастама деп санайды.

 Татарстан туризм саласын нөлден бастаған ел. 2007 жылы туристік нысандарды жаппай салу нәтижесінде туристердің үлген легі ағыла бастаған.

Туристік қауымдастық өкілдері Қазан мен Йошкар Олаға барған сапардан үлкен әсермен келді. Оларды 1000 жылдық тарихы бар Қазанның таңғажайыбы мен кішкентай Йошкар Оланың қонақжайлылығы тәнті еткен.

 «Қазан кремлі, Татар слободасы, Ресесйдің көне университеті, Sergey Galanin гидімен ескі қала бойымен серуендерді небәрі үш күнде үлгердік. Әлі де әсерлер көп. Эспочмактардың дәмі ауыздан кетпейді»,– деді «Премьер-Тур» ЖШС директоры Валерия Топольняк.

 «ШҚО Туристік қауымдастықтың шетелге барған сапары нәтижесінде жоғарыда айтылған жобаларды ШҚО-да енгізу үшін облыстың туризм бойынша уәкілетті органына ұсынылады», – деді Серік Жүнісов.

 Айта кетелік, облыста турситік қауымдастықтың қалыптасуына ШҚО кәсіпкерлер палатасы мұрындық болды. Былтыр бұл бірлестік өз жұмысын жаңа құрамда бастап, іске белсенді кірісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер