«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-жобалар байқауында 4 жеңімпаз анықталды

2018 жылғы 25 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
6465 просмотров

Өскеменде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында кезекті рет «Жастар және бизнес» атты бизнес жобалардың облыстық байқауы өтті. Аталған байқау Астаның 20-жылдығына орай ұйымдастырылған.

Айта кетелік, бұл жоба дәстүрлі түрде ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бастамасымен өткізіліп келеді. Биыл байқау Өскемен экономика және қаржы колледжі, ШҚО білімі беру басқармасы, Қазақ-Америка еркін университетінің қолдауымен өтті.

 Байқаудың басты мақсаты – жастардың кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру.

 Байқау комиссиясы облыс аудандары мен қалаларының 11 мектебі және 11 техникалық-кәсіптік оқу орны тыңдаушыларынан барлығы 34 бизнес-жоба байқауға қабылдады. 

 Іс-шараны ашу салтанантында байқау қатысушыларын Қазақ-Америка еркін университетінің президенті Ережеп Мәмбетқазиев,  ШӨО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директоры Анжела Маслова, Өңірдегі кәсіптік техникалық білім беру мемлекеттік басқарма директоры Ришат Рамазанова құттықтады.

 Жобаларды бағалау үшін «ЭкоПроф» ЖШС, «Балқаш-Нан», «Шығыс Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ, «Өскемен - Бизнес» ЖШС, «Практикум оқу орталығы» ЖШС, Көшбасшылар клубының білікті мамандары тартылды. Қазақ-Америка еркін университеті «Бизнес» кафедрасының оқытушылары оқушылар мен студенттерге арнап іскерлік ойындар ұйымдастырып, шеберлік сабақтарын өткізді.

 Байқау 4 аталым бойынша өтті. «Агробизнес» аталымында жеңіске Ұлан ауданы Герасимов орта мектебінің оқушылары Яна Мумлева және Аружан Кенжебекқызы жетті. Олардың жобасы – «Шағын агро ұйымына арналған су сепкіш». «Жеке кәсіп» аталымында  Өскемен қаласы №9 орта мектебінің оқушысы Виктора Гриневичтің «ШҚО жеке кәсіпкерлігінде өсімдіктерді пайдалану мүмкіндігі» атты жобасы үздік деп танылды. «Шығыс Қазақстанға арналған бизнес-жоба – экономикалық реформалар бағдарламасы» атты үшінші аталымда Өскемен экономика және қаржы колледжі студенті Никита Грицайға бұйырды. Оның жобасы «Автомомбильды жабынды – сұйық резина». «Әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәселелерді шешу негізі» аталымында Ұлан ауданы Герасимов орта мектебінің оқушысы Екатерина Ларкинаның «Қол сабының дайындайтын студия құру» жобасы үздік деп танылды.

 Жеңімпаздар ШҚО білім беру басқармасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 Бизнес-қоғамдастық өкілдері жастардың жобаларын қызықты деп танып, кейбір қатысушыларға қосымша сыйлықтар берілді. «Балқаш-Нан» ЖШС директоры Қанат Ақшалов 4 қатысушыға Инженерия және робототехника мектебінде оқуға мүмкіндік беретін сертификаттарды тапсырды. «Шығыс Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Асқар Оразбаев үш қатысушыға «Балақай» балалар сауықтыру лагеріне жолдама берді. Сонымен қатар байқауға қатысқан Данель Нұрғалиеваға бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 «Бұл байқау жастарға жеке кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға жол ашады. Көрсетілген жобалар қаржылық моделі сапасы, маркетингтік талдау тереңдігі, өзектілігі, практикалық қолдануымен ерекшеленеді», – деді срапашылық комиссия төрағасы, «Шығыс Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Асқар Оразбаев.

 ШҚО ӨКП сарапшысы Диляра Қалиева бизнес студенттердің тартымды жобаларын қаржыландыруға дайын екенін хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер