«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысына Қытайдан делегация келді

2018 жылғы 28 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4860 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Қытай карантиндік қызметінің өкілдері, ҚР Ауыл шаруашылығы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, сондай-ақ облыстың территориялық инспекциясы өңірдің экспорттық мүмкіндіктері мен мәселелерін талқылады.

Айта кетелік, өңірде аспан асты еліне жергілікті бал, балық пен ет экспорты жақсартылмақ.

«Бірлескен жұмысымыз Мемлекет басшысының Ұлы Жібек жолын жаңғырту және «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бастамаларына ықпал ететіне сенеміз. Шығыс Қазақстан облысында елімізде өндірілетін балдың 75%-ы өндіріледі. Сіздерге жемісті әрі сәтті жұмыс тілеймін. Сіздер Қазақстаннан жақсы әсерде кетеді деген сенімдемін», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Олжас Аусабаев.

Өз кезегінде Қытай тарапы  бұл кездесудің мақсаты «сауданы ашу» болып табылады және делегация кәсіпорындарды КХР экспорттаушылары тізіліме қосу үшін оларға тексеру жүргізбек. Бірінші кезекте қытай тарапы шығысқазақстандық балға деген қызығушылық танытты. Сонымен қатар өндірушілерге бірқатар сауалдар қойды.

«Бізге қандай техникалық талаптар орындалады, санитарлық нормалар жағдайы қызықты. Өнімнің қауіпсіздігіне бағытталған қадағалау жайында көбірек білгіміз келеді. Кәсіпорындарды бақылау қалай жүзеге асады, кәсіпорын жұмысы қалай бағаланады, балды сертификаттау процедурасы, кәсіпорын өзі қандай процедуралардан өтеді, бал сапасы қалай бағаланады – барлығы маңызды», – деді Қытай делегациясы өкілдері.

 Айта кетелік, қытай тарапы ШҚО өңірінің бал өсіретін 10, балық пен ет өсіретін 3 әлеуетті экспорттаушысына мүмкіндік беруге дайын. Жұмыс сапары барысында қонақтар осы кәсіпорындардың бір-екеуіне барды, атап айтқанда «Пасека» шарыға қожалығы (бал) және «Төре Тоғам» ЖШС (балық) өндірісі кеңінен таныстырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер