«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті алаңдататын мәселелер

2018 жылғы 28 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5342 просмотров

Әсемқан Досқожановтың төрағалық етуімен ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінде жергілікті деңгейде ұсынылған әлеуметтік әріптестік жобаларын еңбек заңнамасына және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, сондай-ақ елдің аграрлық секторына инвестицияларды субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша ӨКП директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Динара Мұхамеджанова баяндама жасап, 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты келісім жобасын таныстырды. Бұл құжатты облыстың кәсіподақ орталығы ұсынған болатын, және құжат бойынша пікірталас туындаған. Атап айтқанда, кәсіпорындардағы мектеп жасына дейінгі балалары бар қызметкерлерге арнап жұмыстың икемді кестесін қолдану, кәсіпорындардың барлық қызметкерлері үшін ұсынылатын экологиялық қосымша төлем жасу және бас мердігерлердің жауапкершілігін арттыру сұрақтарына наразылық болды.

Дәл осы ұсыныстар кеңес қатысушылары арасында дау тудырды.

Кәсіпкерлердің пайымдауынша, қосымша төлемдерді экологиялық құжаттары бар қызметкерлерге ғана төлеу керек. Егер жалпыға бірдей қосымша төлемдер жасалса, онда шығысқазақстандық кәсіпорындар бәсекеге қабілетті бола алмайды.

«Мәселен, кәсіпорында 1,5 мың қызметкер жұмыс істесе, оның әрқайсысына 2 мың теңгеден қосымша төлем жасалса, онда біз үстінен 30 млн теңге артық төлеуіміз керек болады. Ал сонда басқа облыстармен қалай бәсекеге түсеміз, өйткені басқа облыста экологиялық төлемдер қарастырылмаған?», – дейді бизнесмендер.

 Бас  мердігерлердің жергілікті жерде жауапкершілігін арттыру мәселесі кеңес мүшелерінің одан бетер наразылығын тудырды. Бас мердігерлерге қосалқы мердігерлерден сақтандыруды талап етуді міндеттемек, олай болмаған жағдайда қосалқы мердігерлердің жалақысы бойынша қарыздардарды бас мердігерлер өз мойнына алады.

«Егер жалақы бойынша қарыз болса, мен барам да оны қосалқы мердігерден талап етем. Ал еңбек инспекциясы болса бәрін ауыстырғысы келеді. Яғни қызметкерлер бірден бас мердігерден барып ақша алуы тиіс. Біз түбегейлі қарсымыз. Біз онсыз да бәріне жауаптымыз», – деді ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Әсемқан Досқожанов.

 «Ебек туралы заң бар. Жергілікті органдарға жаңа нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ. Олар біздің есебімізден жақсы атты болғылары келеді. Алайда бізді де біреу қорғауы керек, өйткені біз де тура сондай жұмысшылармыз», – деді «Восток-Молоко» ЖШС директоры Сайлаубек Сейілжан.

 Өңірлік кеңес мүшелерінің басым көпшілігі мұндай жаңашылдыққа қарсы шықты. Осы тұста бұл мәселені қарау тоқтатылды.

 Ары қарай ШҚО ӨКП директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Оксана Желякова, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және инвестицияларды субсидиялау ережесіне түзетулер енгізудегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі міндеттері жайында айтып берді.

 «Бұл мәселелерді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен ӨКП алаңында талқыладық. Несилеу және лизинг бойынша ережелердің қолданыстағы редакциясында  тек айналым қаражаттарды толтыруға ғана нысаналы мақсат болған. Ережелердің жаңа нұсқасында несиелеу бойынша жеңілдетілген мөлшерлеме  айналым қаражатына ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасы және тіркеуіш, қалқалау жабдығына да, мал сатып алуға да қарастырылған», – деді Оксана Желякова.

Осы ретте несие мерзімі шектелмей, пайыздық мөлшерлемелер төмендейді. Спикердің айтуынша, егер бұрын субсидия алуға берілген өтінімдер үш кезең бойынша қаралса, сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтері мен өңдеушілердің өтінімдері бірінші кезекте қаралса, енді өтінім берушілерді топтарға жіктемеу ұсынылып отыр.  Осылайша өтінімді кез келген инвестор бере алады. Басты назар кәсіпкер не сатып алатынына аударылады. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы техникасы мен мал алуға өтінімдер қаралады, соңғы болып айналым қаражаттарын толтыру өтінімдері қаралады. Сонымен қатар басымдыққа ие салалар бойынша жіктеуді алып тастау ұсынылуда. Басымды бағыттардың тізбесі оңтайландырылып, 63 бағыт 36-ға дейін қысқарды.

Кеңес отырысы қорытындысында  Өңірлік кеңес атынан «Атамекен» ҚР ҰКП Съезіне қатысатын 11 делегат іріктелді. Съезд 2018 жылдың жазында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер