«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО-да 35 кәсіпкер гранттық қаржыландыруға ие болды

2018 жылғы 11 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
5083 просмотров

Мемлекеттің бизнес дамуына бағытталған қайтарымсыз қаржыландыруына арналған Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері жобаларының іріктеу байқауы аяқталды.  

Байқауға жалпы 90 өтінім түсіп, оның 35-ін комиссия мақұлдады. Іріктеуден сүрінбей өткен шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері бизнес-идея және индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыру алады.

 «Кәсіпкерлердің көбі жақсы, қызықтыратын жобаларды ұсынды.  Мәселен, Үржардың «Қошанова» жеке кәсіпкерлігі жеміс-жидек қағын өндірумен айналыспақ. Кәсіпкердің жеке бағы, жемістерді сақтайтын қоймасы бар. Бұл жоба экономиканың басым бағытына жататынын ескерсек, және мұндай шаруашылықты өңірде ешкім қолға алмағандықтан бәсекеге қабілетті болады», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономика мәселелері жөнінде орынбасары Оксана Желякова. Палата өкілі комиссия құрамында болды.

 Үржар кәсіпкері жобасының құны – 3 млн 945 мың теңге. Оның ішінде 3 млн гранттық негізде берілді, қалғаны – кәсіпкердің жеке қаражаты.

 Өңірде туризм саласын дамыту қолға алынғандықтан Бесқарай ауданының тұрғыны кәсіпкердің «Жол бойындағы сервис орталығын құру» бойынша жобасы қаржыландырылды. Жоба құны – 3 млн 300 мың теңге. «Сайран» жеке кәсіпкерлігі де 3 млн теңгеге қаржыландырылады.

 Өткен жылдармен салыстырғанда биыл мақұлданған жобалар саны өскен. Былтыр өңір бойынша грантты 9 кәсіпкер жеңсе, биыл грант алғандар саны –35 адам. Гранттық қаржыландыру 8 жыл бойы жалғасады. Бұрын бұл мақсатқа 15-18 млн теңге қаражат бөлінген. Биыл қаржыландыру көлемі айтарлықтай өскен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер