«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Компания қызметкері жұмыс берушінің көлігін қылмыстық мақсатта қолданған

2018 жылғы 22 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
4780 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратурамен бірлесіп мүлікті негізсіз тәркілеуді жоюға қол жеткізді

Өскемендегі ірі кәсіпорындағы азық-түлік тасымалдайтын жүргізушіні қылмыстық жазаға тартқан және қосымша жазалау ретінде көлігін тәркілеген. Таңданарлықтай ештеңе болмағанымен, сол көлік сотталушыға емес, оған жұмыс беріп отырған мекемеге тиесілі. 2015 жылы 4 млн теңгеге сатып алынған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 2017 жылы Газ-Валдай автомобилімен жұмыс істеген жүргізуші қызметтік көлікті қылмыстық мақсатта пайдаланған. Жұмыс берушіден жасырып, азық-түлік тасымалдауға арналған көлік құралымен облыс орталығындағы тұрғындарға есірткі тасымалдаған.

Қылмыстық істің материалдары бойынша сотта жұмыс берушінің қылмысқа ешқандай қатысы жоқ екені бекітілген, ал автомобиль сотталған адамға тиесілі емес. Алайда көлік құралы қылмыстық істі орындауда пайдаланылған ретінде тәркіленген.

Мұнымен қоса, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылары сот процесі мен іске қатысты түсінік беруге қатысу құқығынан айрылған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша аппеляциялық алқасына бизнес субъектісінің құқығы мен заңды мүддесі бұзылғаны туралы дерек көрсетілген өтінішхат қанағаттандырылмаған.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы бизнесменнің құқығын қорғай отырып, облыстық прокуратураға жүгінген. Қадағалау органы бірінші және аппеляциялық инстанцияның шешіміне кассациялық қарсылық білдірген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен қосымша жаза ретінде компанияның мүлігін тәркілеу шешімінің күші жойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер