«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйел Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру бойынша заңның артықшылығын айтты

2018 жылғы 01 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
5432 просмотров

«Мунира» ЖШС директоры Мунира Ягудина  Кәсіпкерлік қызметтті реттеуді жетілдіру бойынша заңға енгізілген өзгертулердің маңызын атап өтті. Кәсіпкер 90- жылдардағы және қазіргі таңдағы кәсіпкерлік арасындағы айырмашылықты айтты.

«Бұл құжат бизнеске жаңа серпін беретін мүмкіндік. Бизнеске деген кедергілер аз болған сайын, оның қызметі жетіле түседі. Тексерулер көп болған сайын, негізгі қызметімізге деген уақытымыз болмай жатады. Бітпейтін бақылауларға кеткен уақыт пен энергия енді табысты болуға, пайдалы іспен айналысуға жұмсалады. Яғни мұндай түбегейлі шешімдер бизнес үшін қажетті еді», – деді кәсіпкер.

Айта кетелік, Мунира Ягудина өңірде танымал іскер әйел. Оның есімі «Юбилейный» кинотеатрымен тығыз байланысты, кәсіпкер 90-жылдары мәдениет ошағын құлдыраудан аман алып қалған. Осы игі іс үшін ол пәтерін сатып жіберген.

 «Ол уақытта банкке келіп, маған ақша беріңдер деп айта алмадым. Онда нағыз күлкіге қалар ем. Банк қызметкерлері бастарын шайқап, мені қуып жіберер еді. Ал қазіргі кезде кез келген банк кинотеатріміз үшін ақша беруге дайын», – деді «Мунира» ЖШС директоры.

Бүгінгі таңда заманауи мәдениет пен ойын-сауық орталығында үлкен кинозалдар, мейрамханалар, кафетерийлер мен балаларға арналаған ойын алаңдары бар. Жаңғырту жұмыстарынан соң кинотеатр табысы 10 есеге артқан. «Адал еңбектің – адал нәтижесі. Менің өмірілік ұстанымым осы», дейді мақтанышмен іскер әйел. Алайда мұндай жетістікке жету – қиын жол.

 «1997 жылы кинотетардың аман қалуы жайында ешкім ойламады десе болады. Бірақ, сүйікті «Юбилейныйдың» күреп бара жатқанына жүрегім ауырды. Аз ғана батылдық, сенім, жүрек қалауы, төзімділік және талмас еңбек керек болды. Осылайша бүгінгі дәрежеге жеттім. Бірақ бұл өте қиын, күрделі, зор еңбекпен келген нәтиже. Егер маған 20 жыл бұрын осы өткен қиындықтар туралы біреу айтса, бизнеске бармас едім. Ол уақытта тексерулерден көз ашылмайтын, 2-3 ай құжат жинауға ғана кететін, салықтар бар. Қазір бәріне 10 минут қана кетеді. Мемлекет механизмдердің барлығын айтарлықтай жеңілдетті. Осы бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Бастысы біздің жетілімуіміз үшін жағдай жасалуда», – деді бизнесвумен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер