«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-Кеңесші» таңдау жасауға сеп

2018 жылғы 11 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
4531 просмотров

Өскемен тұрғыны Рустам Салахутдинов «Smart Innovations» көп салалы компаниясын басқарады. Жабдық жеткізу, шағын және орта бизнестің кәсіпорынын автоматтындырумен айналысады.

Екі жыл бұрын Рустам дистрибьютерлік компанияда жоғары лауазымда қызмет атқарып, балаларға арналған GPS трекеры бар сағаттарды өткізумен айналысатын. Онлайн-сауданы игерген Рустам жеке кәсібін дамытуды ойлады.

«Басында идея көп болғанымен, ойлана келе бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын фирма ашуға тоқталдым. Таңдау жасалғаннан кейін бірнеше ай ішінде әлемнің алты елінен серіктес таптым. Бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша білім алдым. Клиенттермен келісімшарт жасады. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес кәсіпорындарын автоматтандырумен айналысамыз. Бірнеше бағдарламалық өнім бар, біз негізгі өкілі ретінде саналамыз», - деді компания басшысы.

Автоматтандыру материалдық та, қаржы қаражаттарының да нақты есебін жүргізуге көмектеседі. Арнайы қосымша арқылы кез келген сауда нүктесінде сатып алушылар мен төлемді тіркеуге болады.

«Кейбір кәсіпорындар ашылады да жабылады. Себебі нақты есеп жоқ. Бәрі де ескі әдетпен дәптерге тіркеледі. Одан кейін есептеп, жетпейтінін анықтауға болады. Түсініксіз кемшілікті өшіруге тура келеді», - дейді Рустам Салахутдинов.

Қазіргі таңда табысты кәсіпкердің кірісі айтарлықтай артқан. Компания құпия сатып алушы, бейнебақылау, өрт сөндіру дабылын орнатумен де айналысады. Кәсіпкер бүгінде «Бизнес-Кеңесші» курстарына спикер ретінде қатысады. Ол мемлекеттік бағдарламалар өте көп, бірақ жеке кәсіппен айналысушылар ол туралы білмей жататынын айтады.

«Бизнес-Кеңесші» курсы арқылы көп нәрсеге қол жеткізе алған.

«Қандай да бір істі бастағанда жалғыз секілді сезінесің. Мысалы менің өзім көп тетікті білмедім. Мысалы мемлекеттік бағдарламалар бойынша салық ауыртпалығын алайық. Арнайы мамандар осының бәрін түсіндіре алады. Менің бизнес-тренерім Талғат Макишев қаншама жақсы мәлімет берді. «Даму» қорымен де ынтымақтастық келісімшартын жасадым», - дейді Рустам Салахутдинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер