«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экзотикалық шөптер табыс әкелуде

2018 жылғы 16 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
5776 просмотров

«Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсу» бағдарламаларының түлегі Наталья Ивашкина екі жыл ішінде осы салада облыста жалғыз жеткізуші атанды.

 Жеке кәсіпкер бизнесін 2015 жылы бастады. Бастапқыда шағын ғана жылыжайдан бастаған ол көкөніс пен көк шөп өсірген.

 «Әлеуметтік желілерде басқа кәсіпкерлермен сөйлесу арқылы мен көбіне экзотикалық өсімдіктерге қызықтым. Осылайша жеке топтамамды жинай бастадым. Шетелден жаңа тұқым әкеліп, өсіріп, әркез жаңа түрлерді толыға түсті», – деді кәсіпкер.

 Айта кетелік, былтыр «Органикалық ауыл шаруашылық техникасын қолдана отырып, дәмдеуішті және жасыл дақылдардың, көкөністер мен жидектердің өндірісін кеңейту үшін өнеркәсіптік жылыжайды сатып алу» инновациялық жобасымен  әскер әйел мемлекеттік бағдаралама бойынша бизнес идеяны жүзеге асыруда грант алуға үміткер атанды.

 «Бірақ ол кезде кәсіпкер жеңіске жетпеді. Облыстық комиссия жоба шикі деп шешті. Олқылықтарды ескере отырып, барлығын реттедік, нәтижесінде кәсіпкер биыл жобасын сәтті қорғап, мемлекеттен қайтарымсыз 3 млн теңгені еншіледі», – деді бизнес-тренер Талғат Қасенов.

Алынған қаражатқа Наталья тағы бір ауданы – 500 ш.м.  өнеркәсіптік жылыжай сатып алды. Оған да экзотикалық шөптер отырғызып тастады.

Қазіргі таңда кәсіпкер топтамасында экзотикалық 20-қа жуық шөп түрі бар. Оның ішінде африкандық рикола, базиликтің сан алуандығы, орегано, азиялық қырыққабат – тат-сой және басқа да түрлер бар. Мұндай көкөністерді өсіру өңірде шынымен сұранысты бизнес болды. Экзотикалық өнімдермен дастарханды әрлеу сәнге айналуда.

 «Бізде барлығы табиғи, химия қоспасы жоқ өнім», – деді кәсіпкер.

 Наталья өз өнімін әлеуметтік желі арқылы белсенді жарнамалап отыр.

 Инстаграм мен фейсбукте қандай көкөністерді қандай тағамда қолданатынын айтып, рецептілермен бөлісемін. Олардан қалай сірке суын, май жасау керек, бөлісемін. Білмегенімді мейрамхана аспаздарынан сұраймын», – деп бөлісті Наталья.

  Кәсіпкердің клиенттер басзасы мен табысы еселеніп отыр. Мәселен, 2015 жылы 154 мың теңге табыс тапса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2 млн теңгеге жетті.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер