«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда туризмнің дамуына не кедергі?

2018 жылғы 29 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
7509 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында туризм саласында мамандардың тапшылығы, нысандарға бару жолдары, жол бойындағы сервис мәселелерін талқылады. Сонымен қатар туризм дамуына қандай мемлекеттік жеңідіктер қарастырылғаны да айтылды.

 Кездесуге ШҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий, Шығыс Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры Серік Жүнісов, туристік операторлар, демалыс аймақтарының иелері қатысты.

Кездесуге келген азаматтардың пікірінше туризм дамуына кедергі болып отырған бірінші кезектегі мәселелерді шешу керек. Туристік нысандарға апаратын жолдарды жөндеу және өкінішке қарай ешқандай сынды көтере алмайтын жол бойындағы сервисті жетілдіру қажет. Бүгінде туризм дауына кедергі болып отырған тағы бір өзекті мәселе – мамандардың жетіспеушілігімен байланысты. Бизнесмендер дабыл қағуда. Демалыс аймақтарында жұмыс істейтін адам жоқ.

 «Қазіргі таңда бұл олқылықтарды реттеуге мүмкіндік бар. Егер кәсіпкерлер өз демалыс аймақтарында мамандарды дайындау бойынша оқу орталықтарын ашса, онда оқыту бойыншы шығындар өтеп беріледі. Бұған қоса қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына түзетулер жасалып жатыр. Осыған байланысты өңірдік туризм саласын дамыту бойынша өз ұсыныстарымызды беруді көздеп отрымыз», – деді Игорь Шацкий.

 Оның айтуынша, басқа да бірқатар түйткілдер бар. Мәселен, туристік базалардың иелері өздігінен жұмыс істейді, әркім клиенттерді өзіне тартқысы келеді, мысалы әркім демалыстың 10 күнінде клиентті база аймағында ұстап қалғысы келеді. Осындай жағдайды болдыртпау үшін турбазалар иелері кооперация құрып, туроператорлармен бірігіп туристерге арналған тартымды туристік маршруттарды ойластырған жөн. Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан осы жұмыстың үйлестірушісі болуға: сұраныс мониторингін жүргізу, сонымен қатар кәсіпкерлерге маркетингтік стратегияны дамытуға көмектесуге дайын.

 Кездесу барысында туристік саланың жүйелі мәселелері мемлекеттік деңгейде шешіліп жатқаны атап өтілді.

 «Осы жыл туризм үшін ерекше жыл болып отыр, өтйкені негізгі екі құжат қабылдану үстінде. Біріншісі – елімізде туризмды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама. Енді ұзақмерзімді несиелеу, субсидиялау, салықтан, баждан босату, табиғи грант ретінде жерді бөлу, туроператорларға арнап банк кепілдіктерін әртараптандыруға қатысты мәселелер шешіледі. Сонымен қатар қолөнершілерге қолдау көрсетіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша қолөнершілерге арнап 3 млн теңгеден 1000 грант және қонақ қабылдау үйлерін ашуға 1000 грант бөлінген. Жалпы 3,3 трлн теңге, оның ішінде 2 трлн бюджеттен тыс қаражат болса, 1 трлн теңге бюджет қаражаты бөлініп отыр», – деді «ШҚО Туристік қауымдастығы» ЗТБ директоры Серік Жүнісов.

 Сонымен қатар, оның айтуынша сала үшін екінші маңызды құжат та дайындық үстінде.

«Қауымдастық бұл заңдарға, нормативті-құқықтық актілерге, кодекстерге, стратегияларға  40-там астам ұсыныс енгізді. Қазіргі таңда құжат мақұлдауға жіберілді. Осы екі құжат туризм дамуына түрткі болып, туризм саласындағы бизнесмендердің жүйелі мәселелерін шешуге жол ашады», – деді Серік Жүнісов.

 Заң жобаларын талқылау қыркүйек айына дейін жалғасады, деді спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер