«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүт өндірісі тоқтап тұр

2018 жылғы 02 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
5674 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауылында сүтті терең өңдеу бойынша іске қосылған цех бір жылдан астам уақыт жұмыссыз тұр.

 «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы басшысы Марат Қаликовтың айтуынша, санитариялық-эпидемиологиялық станция объектінің санитариялық қорғау аймағы талаптарға сай келмейді деген желеумен қызмет етуге рұқсат бермей отыр. Шаруа осы мәселемен Кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

 Қуаттылығы 1 ауысымда 7 тоннаны құрайтын «Толағай сүт» атаулы сүт өңдейтін цехтың салтанатты түрде іске қосылуы 2017 жылдың тамыз айында болды. Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдігі ұйымдастыруымен жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізілген болатын.

 «Салтанатты түрде цехты ашқан соң, барлығы жан-жаққа тарасты. Екі күн өткен соң санитариялық-эпидемиологиялық станция «тоқтаңыз, қорғаныш аймағы 50 метрді құрау керек, ал мұнда 25 метр ғана» деп, қызметке тосқауыл қойды. Бітті. Рұқсатты әлі күнге дейін берген жоқ, біз әрекетсіз тұрмыз. Егер алдыңғы аудан әкіміне (Рамиль Сағандықов – ред.) бұл жоба қажет болып, оның ашылуын өзі сұраған болса, қазіргі әкім (Асхат Смайылов) мен орынбасарына (Марат Теміржанов) ештеңе керек емес. Олар тура осылай жауап берді, сүт қазір қажетсіз», – деді кәсіпкер.

 Марат Қаликовтың айтуынша, жобаға 35 млн теңгеге салынды, оынң ішінде жеке қаражат та, несиелік қаражат та бар. Осы ақшаға кәсіпкер аукционда бұрын спорт кешені болған орынжайды сатып алады, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, заманауи қымбат технологиялық тізбекті орнатады. Енді осының бір жұмыссыз тұр.

 «Бізде онсыз да өндірістік нысандар аз. Сондықтан, егер цех іске қосылса, халық, мектептер, аурухананың қажеттілігіне жарар еді. Енді осындай цехтың моншадан 25 метр қашықтықта орналасқаны үшін жұмыс істеуіне рұқсат бермеу – абсурд. Демек, бірнеше метр өндірістен маңызды болып отыр», – деді ӨКП директоры Игорь Шацкий.

Айта кетелік, кәсіпкер Марат Қаликов сүтті мал шаруашылығы саласында тәжірибесі мол. Шаруа қожалығының білікті басшысында Семей қаласында сүт өңдейтін зауыт бар. Оның қуаттылығы күніне 20 тоннаны құрайды. Зауыт 2011 жылдан бері сәтті жұмыс істеп тұр.  Кәсіпорында 17 түрлі өнім шығады, дайын өнім Семей мен Өскеменде сатылады. Кәсіпкер Көкпекті ауылында да бизнесін дамытпақ болған. Ол сүтті жинау, өңдеу мен өткізу өндірісін ұйымдастырды. Қазір сүтті жинау бөлімдері істеп тұр, ал цехтың мәжбүрлі тұрып қалуы салдарынан сүт Семейге жіберіліп жатыр.

Айта кетелік, бірнеше жыл бұрын өңірде 2015-2016 жылдарға арналған сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша пилотты жоба іске асқан болатын. Жоба аясында 2070 сүтті ірі қараға арналған алты сүт-тауарлы ферма салынды, 6550 басқа арнап, 17 ферма жаңғыртылды, сүтті бағытта 30 пилотты кооператив құрылды. Өңірде барлығы 55 сүт қабылдау бөлімшесі ашылды. 2017 жылдың сәуір айында облыс әкімдігінің кезекті кеңейтілген отырысында өңір басшысы Даниал Ахметов аталмыш бағдарламаның жүзеге асу үдерісіне көңілі толмады, өйткені сүтті жинау көрсеткіштері барлық аудандарда төмен, ал Риддер қаласы мен Көкпекті ауылында өндіріс тіптен тоқтап тұр...


Еншілес ұйымдар

Серіктестер