«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Семейде 320 орындық балабақша салынды

2018 жылғы 15 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
5093 просмотров

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған, оның ашылуы қазан айының соңына жоспарланып отыр.

Қзіргі таңда қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталып қалды. Айта кетелік, балабақшаның құрылысы «Қарағайлы» жаңа ықшам ауданында орналасқан, құрылыс жұмыстарын «Фирма Азия» ЖШС тамыз айында аяқтады.

 «Балабақша үлкен, 320 орынға шақталған. 98 жұмыс орны құрылды. Қазіргі таңда қызметкерлер пулы жасақталып, тәрбиешілерді іріктеу жүріп жатыр. Қазан айында мектепе дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға беріледі», – деді кәсіпорын менеджері Ағлан Құзбаев.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалы кәсіпкерге жобаның басынан бастап қолдау көрсетіп келеді.

«Кәсіпкер қысқа мерзімді оқудан өтті, оған консультациялық көмек көрсетілді, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің құрылымы түсіндірілді, тұжырымдама, бизнес-жоспар құруға көмектестік, сондай-ақ, МЖӘ келісімшартын жасадық», – деді ӨКП бизнес-тренері Талғат Қасенов.  

 Жоба аясында жекеше әріптес балабақшаны өз қаражаты есебінен салды, ары қарай ол МЖӘ нысанын мемлекеттік әріптес меншігіне өткізеді де білім беру мекемесін пайдалануынан 29 жыл бойы табыс көреді.

 «Мемлекеттік әріптес кәсіпкердің инвестициялық шығындарын 4 жыл ішінде өтеп береді, сонымен МЖӘ жобасымен байланысты басқа жа шығындарын өтейді. Осылайша әлеуеттік мәселе шешіледі – балабақшаларға кезек қысқарады, ал бизнес мекетепке дейін тәрбиелеу мекемесіне, ондағы қосымша үйірмелеріне қызмет көрсетуден табыс алады. Бүгінгі таңда МЖӘ механизмдері ШҚО білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті арттыру мәселелерін шешуде ыңғайлы», – деді кәсіпорын тәлімгері Берікбол Жанділов.

Биыл МЖӘ шеңберінде Өскемен мен Семейде 1100 орынға 4 балабақша салынған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер