«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ғалымбек Жақсылықов: «Қызылордада шағын және орта кәсіпкерлік саласында 86 842 адам жұмыс жасайды»

2018 жылғы 22 Қазан
- Қызылорда облысы
5228 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Өздеріңізге белгілі, 5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Жолдаудың басым бағыты кәсіпкерлікті дамытуға және өндеу өнеркәсібін қолдауға бағытталған. Елімізде экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді. Біздің облыста да бизнесті қолдау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда», - дей келе Палата басшысы 2018-2020 жылдар аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы болып жарияланғандығын, жыл басында әзірленген жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жол картасына  барлық көздерден 32 млрд. теңге қаржы қарастырылғандығын жеткізді.

Облыста кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында үлгілі бизнес-жоспарлар, нақты алгоритмдер, әрбір 148 ауылдық округ, кент пен қалаға жауапты лауазымды тұлғалар (кураторлар) бекітілген. 

Баспасөз мәслихатында Ғалымбек Жақсылықов: «Бүгінгі күні осы ауқымды жұмыстардың айтарлықтай нәтижесі бар екенін айта кеткен жөн», - дей келе оларға тоқталып өтті.

Назарларыңызға шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын бағалаудың үш көрсеткіші бойынша нәтижелерді ұсынамыз.

Бірінші көрсеткіш – жұмыс жасап тұрған субъектілер саны

Қазіргі таңда облыста 41 393 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға артып отыр. Республикалық өсімнен
2,4 есе жоғары. Осылайша, біздің өңір жылдың басынан бастап жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру бойынша республикада көшбасшы.

Екінші көрсеткіш – жұмыспен қамтылғандар

Соңғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес биылғы жылдың бірінші жартыжылдында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 86 842 адам жұмыс жасайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға немесе 1232 адамға артып отыр. Бұл республикалық өсімнен 1,8 есе жоғары. Республика бойынша 4-орын. Жыл соңына дейін кемінде 90 мың адамға жеткізу жоспарлануда.

Үшінші көрсеткіш – өнім шығарылымы

Соңғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес биылғы жылдың бірінші жартыжылдында облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 143 257 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,8%-ға немесе
15 млрд.теңгеге артып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер