«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шенеунік оған жеңілдік жасамағаны үшін ТЖО иесіне айыппұл салған

2018 жылғы 28 Қараша
- Павлодар облысы
10040 просмотров

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз киліккен мемлекеттік қызметкерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мемлекеттік орган өкілінің  сыртқы жарнама жариялауы үшін-мыс наразылығын негізсіз екенін дәлелдеп шықты.

  22 маусым күні жеке кәсіпкер Елена Кашироваға сыртқы жарнама жариялау бойынша қарыз бары туралы хабарлама келді.
 Қарыздың құны 33 670 теңгені құрады. Хабарлама «Павлодар қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жобалау және құрылыс салу секторының жетекшісі Жангелді Шалғымбаевтың атымен келді.
  
 Бизнес ханымның айтуынша, ол ешқандай сыртқы жарнама ілмеген. Бұған қоса хабарлама түсерге дейін бір күн бұрын кәсіпкер Жангелді Шалғымбаевқа қызмет көрсетуде жеңілдік жасамаған...Іс материалдарына сәйкес жөндеу жұмыстары күні мемлекеттік қызметкер техникалық қызмет көрсету станциясынан жөндеу жұмыстары бойынша жеңілдік сұраған. Кәсіпкер бұған келіспеген, өйткені механиктер автомобильдің тежегіш жүйесін онсыз да арзан сомаға жөндеп берген.
 Келесі күні шенеунік Мемлекеттік кірістер басқармасына «Каширова» жеке кәсіпкерлігіне 2018 жылдың мамыр айы аралығында сыртқы жарнама көрнекі жарнама объектілері үшін салық салу туралы мәлімет жіберген. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мәселені шешуге кірісті.

«Іс материалдарын зерттеген соң техникалық қызмет көрсететін ғимараттың сыртында жарнама емес, осы нысанда авто шеберханасы орналасқаны туралы хабарлайтын маңдайша жазу деген шешімге келдік. Аталған маңдайша жазуда көрсетілетін қызмет түрлері жазылмаған, демек мазмұнында жарнама жоқ», – деді Павлодар облысы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім бастығы Лашын Сарбасова.

Бірінші инстанциялы сот Палата сарапшыларының позициясын қолдады және мемлекеттік орган әрекетінің заңсыздығы туралы шешім шығарды. Осылайша, автокөліктегі тежегіш жүйесіне жеңілдіктің орнына Павлодар қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жобалау және құрылыс салу секторының жетекшісі Жангелді Шалғымбаев 100 АЕК көлеміде айыппұл алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер