«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Atameken Services»: банктерден ұсыныстар түсе бастады

2019 жылғы 04 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
4821 просмотров

«Әділет» ЖШС директоры Ерлан Байсақалов атадан қалған кәсіп – өсімдік шаруашылығымен айналысады. Енді шаруа мал шаруашылығын қолға алмақ. Жеке қаражатқа ферма сатып алды. Енді асыл тұқымнан 50 бас ірі қара сатып алу жоспарланған

«Міне, «Несие агрегаторы» қызметін пайдаланып көрдім, субсидиялауға онлайн өтінім бердім. Өте ыңғайлы. Артық жүгіріс пен әуре-сарсаңсыз. Енді «Atameken Services» порталын тұрақты клиенті боламын. Тіркеліп, салық есептілік, түрлі консультациялар сынды көп тегін қызмет алуға болады екен», – деді Ерлан Байсақалов.

Кәсіпкер порталға компьютер немесе смартфон арқылы тіркеліп, пайдалану өте оңай екенін айтады. Жедел кері байланыс жеке кәсіпкер Дана Мұратқызының көңілінен шыққан.

 «Жұма күні кешке несие алуға өтінім бердім, енді барлық банктерден қоңыраулар түсіп жатыр. Әрқайсысы жеке несиелеу шарттарын ұсынуда. Қаржылық институттарға барып, кезек отырудың қажет жоқ», – деді Дана Мұратқызы.

 Айта кетелік, Atameken Services – бизнеске арналған алпыстан астам пайдалы әрі тегін қызмет түрі. Мәселе туралы хабарлау, несие алуға өтінім беру, оқу оқып, дайын бизнес-жоспарға тапсырыс беруді – үйден шықпай жасауға болады. Бар керегі Services.Atameken.kz-тен қарапайым тіркеуден өту.

 Қажет болса Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қызметкерлері порталға тіркелуге көмектеседі. Естеріңізге салсақ, 17 қаңтардан бастап республика бойынша кәсіпкерлер арасында ауқымды сауалнама басталды. Оның мақсаты  – кәсіпкерлердің мәселелерін анықтап, олармен кері байланыс орнату. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауалнамашылар 88 мың кәсіпкерге сауалнама жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер