«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алматы Су» мекемесінің жаңа есептеу құралдарын орнату бойынша талабы негізсіз

2019 жылғы 05 Ақпан
- Алматы қаласы
8908 просмотров

Кәсіпкерлердің қалалық су арнасы әрекетіне қатысты шағымдары Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралды

2018 жыл 13 желтоқсанда Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына бір топ кәсіпкер «Алматы Су» ҚКМ әрекетіне шағым түсірді. Бизнес өкілдерінің айтуынша, қалалық су арнасының қызметкерлері объектілерде қашықтықтан мәліметтерді «Алматы Су» ҚКМ серверіне жіберетін суды есептейтін құралдарды қоюды талап еткен. Осы ретте есеп құралдарын хабарлама түскен күннен бастап бір ай ішінде және кәсіпкерлердің жеке қаражатына орнатылуы тиіс.

 «Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы монополистің есеп жүргізу құралдарын міндетті ауыстыру бойынша талабын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде монополисттердің талаптары заңнама нормаларына қайшы екені анықталды», – деп мәлімдеді Кеңес отырысында Алматы қаласы ӨКП Әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Бақытжан Құлантаев.

 Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде су есептегішін таңдау, орнату және пайдалану ережелерінің» 24-тармағына сәйкес тұрғын үйлердегі (ғиамарттарда)  суық және ыстық суды есепке алу қолданыстағы есеп құралдарын бастапқы орнату, қайта орнату немесе ауыстыруды қашықтан деректерді беру құралдарынсыз орнатуға, кейіннен қашықтан деректерді беруді қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықтауға рұқсат етілген.

 Осындай су есептеуш құралдарға арналған деректерді қашықтықтан беру құрылғыларын:

  • Табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы инвестициялық бағдарламасына жеке инвестициялық шотты енгiзу үшiн тиiстi шығыстың құны болған кезде су есептеу құралдарын (тығыздауды) пайдалануға берудi жүзеге асыратын ұйымдар;
  • Қалауы бойынша су тұтынушылары немесе басқа да мүделлі тараптар орнатады.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 2), 4), 6) тармақшаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ЗРК Заңы) тұтынушы есеп құралдарын (газ, су, электр энергиясына) орнатуға,  есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға уақтылы және толық төлеуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілейтін техникалық талаптарды  орындауға міндетті. Осы ретте қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданыстағы су есептеуіш құралдарын қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін оларды ауыстыру үшін нақты талаптар белгіленбеген. Су есептейтін құралдарды ауыстыру немесе орнату бойынша талаптер құрылыс, реконструкция, техникалық нысандар, жаңғырту, күрделі жөндеу және қайтадан пайдалануға берілген объектілердың жобаларында ғана белгіленеді.

 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі №481 Су кодексінің 92-8-бабының 2-тармағына сәйкес, «пайдалануға жаңадан берілетін объектілерде деректерді қашықтықтан беретін, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. Бұл талап жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың үйге ортақ аспаптары ауыстырылған жағдайда да қолданылады». Алайда,  Еережелердің 5-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Ереженің талаптары осы Ережені қолданғанға дейін пайдалануға берілген және оларды пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін су есептегіш құрылғыларға қолданылмайтыны анықталды.
 

«Осыған байланысты, табиғи монополия субъектісінің талаптары («Алматы Су» КҚМ) заңсыз және кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қаржылық ауыртпалық пен әкімшілік қысым әкеледі.  Бұған қоса, монополистің жоғарыда белгіленген әрекеттері жемқорлықтың белгілері бар, өйткені, зерттеу барысында   «Алматы Су» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері сумен жабдықтауды тоқтатамыз деп кәсіпкерлерге қысым көрсетуде. Өтінім жасаған кәсіпкерлер объектілері қа   та пайдалануға берілмеді және су есептеу құралдарының жарамдылық мерзімі шыққан жоқ», – деді Бақытжан Құлантаев.     

 

«Алматы Су» ҚКМ коммерциялық директоры Айдын Сайлаубайдың айтуынша, деректерді қашықтықтан беретін суды есепке алу аспаптарын орнатудың қажеттілігі жүйедегі ашықтықты жоғарылатып, жемқорлық тәуекелдерін (бақылаушылар мен қызмет алушының пломбаларды үзу, дұрыс емес деректерді беру бойынша сыбайластығы) азайтуға сонымен қатар цифрландыру шеңберінде өтіп жатыр.

Қазіргі таңда
Алматыда небәрі 39% заңды тұлға деректерді қашықтықтан беретін, суды есепке алу аспаптарын орнатқан (25 029 құралдың 9 705-сі). Бұл:

1.Бюджеттік ұйымдар – 1 809 бірлік.

2. Заңды тұлғалар (ірі, орта және шағын бизнес) – 11 905 бірлік.

3. тұрғын үйде жұмыс істейтін кәсіпорындар – 11 315 бірлік.

«Суды есепке алу аспаптарын орнату және деректерді қашықтықтан беретін құрылғымен қамту бойынша барлық әрекеттер қолданыстағы заңнама шеңберінде жүріп жатыр. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы біздің қызметкерлер кәсіпкерлерді міндеттеп жатыр деген фактілер бар деп айтуда. Сол фактілер бойынша қызметтік зерттеу жүріп жатыр. Ешқандай мәжбүрлеу жоқ. Заңды тұлғалар қашықтықтан басқарылатын модульді қойсын деген ұсыныс қана бар. Біздегі қателік: қызметкерлер хабарландыруды жаппай таратқан. Қателік кеткен, біз оны жойып жатырмыз», – деді «Алматы Су» ҚКМ ресми өкілі Серік Шагиров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер