«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес ханымдар Дубайда өткен Іскер әйелдер форумына қатысты

2019 жылғы 05 Ақпан
22192 просмотров

Дубайда өткен Іскер әйелдердің форумында Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің бизнес ханымдары Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.   

 Қазақстандық делегацияны ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова бастап барды. Шетелдік тарапты БАӘ Қоғамдық даму министрі Хесса Бухумайд және БАӘ Іскер әйелдер кеңесінің президенті Фарида аль-Ауади таныстырды.

 Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, Қазақстан Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктерін – Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Заид бен Сұлтан аль Нахаян орнатқан достық сипаттағы байланыс біріктіреді. Алдағы негізгі міндеттердің бірі – бірлескен күш арқылы экономикалық, сауда және технологиялық байланысты тереңдету.

 Лаззат Рамазанова БАӘ іскер әйелдерінің тәжірибесі Қазақстан бизнес ханымдары үшін бағалы екенін, соған байлансты серіктестіктің жаңа форматына шығу бойынша шешім қабылданған.

 «Уақыт әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді талап етуде. Араб Әмірліктері болашақта Парламенттің 50%-ын әйелдер құрайтынын айтады. Өз кезегінде Қазақстанда әйел батыл, бақытты болып, отбасында ғана емес, қоғамда және бизнесте қалыптасуына жағдайлар жасалуда», – деді Лаззат Рамазанова.

 Меморандум шеңберінде тараптар іскерлік ынтымақтастықты, өзара инвестицияларды және бірлескен кәсіпорындар құруды ынталандыруға бағытталған бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді қолға алмақ. Құқықтық және әкімшілік жағдайлар үйлестіріледі, сауда-экономикалық қатынастардағы кедергілерді анықтау және екі елдің іскерлік ахуалын жақсартуға бағытталған бірқатар басқа да шараларға талдамалық зерттеулер жүргізілетін болады.

 Бизнес-форум барысында іскер әйелдер В2В форматында келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. БАӘ-ға сапар бағдарламасы Абу-Дабидегі араб елдерінінң кәсіпкер әйелдерінің форумымен жалғасады. Әмірліктер астанасында қазақстандық кәсіпкерлер БАӘ Сауда-өнеркәсіптік палатасы Федерациясының төрағасы Мұхаммед Тани аль-Румейси және Мәртебелі, Отбасы Дамуының Жоғарғы төрағасы Фатима бинт Мүбәракпен кездеседі.

 Қазақстандық делегацияға кофе және кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша зауыттарды көрсетеді. Шаржыда Name Women әйелдер ұйымымен кездесу жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер