«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атқарылған жұмыс үшін төлемдер жасалмай келеді

2019 жылғы 06 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
4217 просмотров

Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындамағаны жайында кәсіпкерлерден үш өтініш келіп түсті

Осы мәселелер Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Мәселенің бірінде Аягөз аудандық әкімдігі су тасқыны зардабын ретке келтіру бойынша 2018 жыл наурыз айында жүргізілген жұмыстар үшін «NEC Group» ЖШС-на төлем жасамаған. Алдан ала келісімшарт бойынша кәсіпорын Кіші Аягөз өзенін 6600 метр ұзындықта тереңдету және жағасын нығайту жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде кәсіпорынға қызмет ақысы төленбеді. Компаниямен негізгі келісімшарт жасалмады.

  «Кіші Аягөз өзенін тазарту және жағасын нығайту бойынша жұмыстар тапсырыс берушінің жобалық-сметалық құжаттамасы және әкімдік аппаратымен жасалған келісімшарт негізінде жүргізілген. Осы жұмыстары жүргізу үшін субмердігерлер ретінде «ВостокИнтерТранс» ЖШС және «ZANEL HOLDING» ЖШС компаниялары жұмылдырылды. Міндеттелген жұмыстарды «NEC Group» ЖШС орындады. Өз кезегінде әкім аппараты атқарылған жұмыстарды қабылдау комиссиясын құрды, алайда атқарылған жұмыстар актілеріне қол қоюдан бас тартты. Бірақ тапсырыс беруші кепілдік хат берген. Келісімшарт және кепілдік хаттың шарты бойынша атқарылған жұмыс үшін төлем 2018 жыл 31 желтоқсанға дейін жасалуы тиіс делінген. Бірақ, қарыз әлі өтелген жоқ», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Динара Мұхамеджанова.

Мердігерлер қаражаттың болмауы себепті салықтық есептілікті өткізе алмай, мердігерлерге төлем жасай алмаймыз дейді.

Ал Аягөз ауданының билігі «NEC Group» ЖШС өтініміне қатысты фактілерді жоққа шығармайды. Әкімнің орынбасары Бауыржан Нүкібаевтың айтуынша, 2018 жылы олар ШҚО Табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік тапсырыс берген, мәселе шешілу алдында тұр. Шенеунік қарыз бойынша мәселе екі ай ішінде шешіледі деп уәде берді.

 Көмір тасымалдау қызметі үшін төлемді «ЕРТІСТРАНС» кәсіпорны ала алмай келеді, оларға «Күршім» Күршім ауданының әкімдігі» МКК қарыз. Келісімшарт 2018 жылы шілдеде 9 795 4000 теңгеге жасалған.

 Келісімшарт бойынша коммуналдық кәсіпорын 100% алдын ала төлем жасау керек болған. Алайда, Бұқтырма айлағынан Құйған айлағына көмір тасымалдау бойынша атқарылған жұмыстан соң серіктестікке ақша төленбеді. «ЕРТІСТРАНС» ЖШС басшылығы мәселені шешу бойынша өтініммен әкімдікке бірнеше келіп, өтінім жасаған. Нәтижесінде әкімдік төлем 2018 жыл 20 қарашаға дейін жасалады деген кепіл хат берген. Алайда мәселе шешімін тапқан жоқ.

 «Кәсіпорын дизель отынын  несиеге алады, өйткені айналым қаражатымыз жоқ. Қазіргі таңда несиелер және салықтар бойынша қарыз пайда болды. Кәсіпорын науқан бойынша жұмыс істейді, сәйкесінше, қаңтар, ақпан, наурызда кәсіпорында қаржылық қоры болуы шарт, ал қазір қаражатымыз жоқ», – деді «ЕРТІСТРАНС» ЖШС экономисі Н.Фролова.

Ең бастысы мәселенің салдары анықталды. Желтоқсан айында кәсіпорын басшылығы Күршім ауданы әкімдігі, Күршім ауданының Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі, «Күршім» Күршім ауданының әкімдігі» МКК атына сотқа дейінгі шағым түсірді. Бір ай өткен соң мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын сол уақытта жабылу алдында тұрғаны анықталды, 2018 жыл қазан айында ребилитация бойынша сот қарауы жүріп жатқан. Сонда әкімдік орын алған жағдайды біле тура кепіл болған. Реабилитация жасауға 2017 жылғы салықтық тексеру актісі негіз болған.

 «Күршім» Күршім ауданының әкімдігі» МКК уақытша басқарушысы Нұрғазиннің айтуынша, шоттар бұғатталғаны себепті төлем жасау мүмкіндігі болмаған. Қазіргі таңда сот реабилитация процедурасын қолдану туралы шешім шығарғандықтан, шоттар бұғатталған.

«Қазіргі таңда «ЕРТІСТРАНС» ЖШС-на 700 000 теңге төленді. Енді 1 800 000 теңге жақын арада төленеді, өйткені төлемдік тапсырма банкке жолданып қойған. Ал 700 000 қалдық сомасы реабилитация үдерісінде кредиторлар талаптары тізіліміне сәйкес кезек тәртібінде төленетін болады. Кредиторлар талаптары тізілімі 8 ақпанға дейін қалыптасады. Ары қарай реабилитация жоспары құралады, онда қарызды өтеу бойнша нақты кесте құралады», – деді уақытша басқарушы.

«АВТО-ФОРТ» ЖШС атты тағы бір кәсіпорынға  Риддер қаласынының Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі 495 820 теңге қарыз болған. Былтыр наурыз айында шенеуніктер төтенше жағдайларды алдын алу бойынша апаттық жұмыстарды орындауға техника, экскаватор және бутобой беру туралы хат жазып өтініп жасаған. Арнайы техника бөлінді, жұмыс атқарылды. Ал жұмыс үшін төлем жасалған жоқ.

 Өз кезегінде  Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде Риддер әкімінің орынбасары Қайрат Оралбеков кәсіпорын өтінімге жылдам жауап беріп, техника бөліп бергенін растады. Алайда, оның айтуынша, қалада Төтенше жағдай оырн алмаған. Дегенмен, атқарылған жұмыс үшін төлем бір ай ішінде жасалатынын жеткізді.

 Мемлекеттік орган тарапынан орындалмаған міндеттемелерге байланысты кәсіпорын сотқа жүгінген. Бірақ сот талапт арызды қанағаттандырудан бас тартты, өйткені тараптар арасында келісімшарт жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер