«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстан облысында 5 кәсіпорын индустриялық сертификатын алды

2019 жылғы 02 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
9346 просмотров

1 шілдеден бастап жеңіл өнеркәсібі және жиһаз өнеркәсібі өнімдерін мемлекеттік сатып алулары бойынша байқауларды жүргізуде міндетті құжаттардың құрамына индустриялық сертифкат енгізілген. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында аталған құжатты 5 кәсіпорын алды.

«Мектеп формасы және балалар киімі тігін фабрикасы» ЖШС мультикатегориялық кәсіпорын жылына өнімнің 100 мың шарты бірлігін шығаруға қауқарлы. Әзірге мұнда толық қуаттылыққа шығу жүзеге асқан жоқ, бірақ «BMC Sales» брендімен шығарылатын өнім ел өңірлерінің барлығында дерлік таныстырылған. Кәсіпорын алғашқы бестік қатарында индустриялық сертификатты алды.

  «Біз индустриялық сертификатты отандық тауар өндірушілер қатарына кіру мақсатында алдық. Көптеген адамдар Петропавлда екенімізді біледі, бірақ біз бүкіл Қазақстан үшін өнімдерді тігіп жатқанымыздан бейхабар. Аталған сертификатпен шығарылған өнім барлық стандарттарға сәйкес, киім сапалы екенін растай аламыз. Бұдан бөлек сертификаты бар кәсіпорындарға түрлі жеңілдіктер жасалатыны қуантады. Сертификатпен экспорттық операцияларға қатысу оңай», – деп атап өтті фабриканың бас директоры Әскер Башеев.

 Киім үлгілерін тігуге арналған маталар әзірге шетелден импортталады. Бірақ болашақта өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында фабрика сапалы қазақстандық шикізатты сатып алуға дайын. Бұл үдерісте индустриялық сертификаттың әлеуеті көмектеседі.

Өңірде тігін фабрикасынан бөлек, Индустриялық сертификатты «Қазақ саңыраулар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны»,  «Лидер Проффешен» ЖШС,  «Матекс» ЖШС,   «Сокирко С.Н.» жеке кәсіпкерлігі алды. Тағы бірқатар кәсіпорын сертификат алуға құжаттар жинауда.                        

                                      

 «Сертификат бірқатар жеңілдіктер береді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділік, «Самұрық-Қазына» холдингінің тауар өндірушілер тізіліміне ену, «Самұрық-Қазына» Қорының алдын-ала іріктеуіндегі балға 20% қосылу қарастырылған. Егер кәсіпорын өнімін экспорттайтын болса, сертификаттың болуы отандық тауарды ілгерілетуге кеткен шығынның жартысын өтеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олег Жугин.

 

 Бүгінгі таңда ҚР «Атамекен» ҰКП индустриялық сертификатты алған отандық өндірушілер үшін жеңілдіктерді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу бойынша сатып алуларға қатысқан кезде жеңіл және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындары үшін өнеркәсіптік сертификат міндетті түрде міндетті түрде талап етіледі.

          


Еншілес ұйымдар

Серіктестер