«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысында май дақылдарын өсіруге қатысты семинар өтті

2019 жылғы 31 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
4650 просмотров

30 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында өсімдік шаруашылығы саласының өкілдері «Суарылмайтын жерлерде май дақылдарын өсіру» тақырыбында тегін семинарға қатысты

Іс-шараны «Білім және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігі» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Атамекен» ҰКП «Біліктілік орталығы» тапсырысымен  ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және «ВКСХОС»  ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.

Оқу семинары «Шығыс» білім тарату орталығында  ШҚО Глубокое ауданындағы сынақ егістігінде өтті. Дәрісті «ВКСХОС» ЖШС майлы дақылдар жөніндегі сарапшы-кеңесші Лариса Мерк өткізді.

 Семинардың оқу бағдарламасы үш теориялық және бір практикалық модульді құрады.

 Күннің бірінші жартысында Лариса Мерк суарылмайтын жерлерде биопрепараттарды қолдану арқылы күнбағысты өсіру технологиясы және егудің негізгі нормалары мен мерзімдері туралы құнды ақпарат берді. Ары қарай қатысушылар сояны суарылмайтын жерлерде өсіру технологиялары, нормалар мен мерзімдері туралы ақпарат алды. Теориялық бөлім соңында элиталық тұқым майлы дақылдарын өңдеуге қойылатын негізгі талаптар туралы айтылды.

 Екінші бөлімде қатысушылар «Шығыс» білім тарату орталығының алаңдарына барды. Онда жаңа сұрыптардың таныстырылымы өтті. «BioEnergy LT» компаниясымен (Литва) ынтымақтастық тәжірибесі және  «Август-Қазақстан» ЖШС,  «Сингента Қазақстан» ЖШС ынтымақтастық тәжірибесі туралы айтылды.

Семинарға 51 адам қатысты, соның ішінде Семей, Зайсан қалалары, Көкпекті, Бородулихино, Шемонайха, Ұлан, Глубоковское және Бесқарай аудандарынан 29 шаруа қожалығы және жауапкершілігі шектеулі серіктестері сонымен қатар ауыл шаруашылығы бағытында оқитын студенттер бар. Қатысушылар қандай сұрыптар мен гибридтер таңдау тиімді, дақылдарды қалай өсіру керектігі қызықтырды.

 Келесі тегін семинар 1 тамызда «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парк» базасында «Маралды қоректендірудің нормалары және азық мөлшері. Мүйіздерді кесу және консервациялау технологиясы» тақырыбында өтеді. Семинарға жазылу үшін: 8 (7232) 702-953, 8 (72341) 214-05, 8-777-980-03-62.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер