«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскеменде ЭКОпакеттер тегін таратылуда

04 Қыркүйек 2019 - Шығыс Қазақстан облысы
874 просмотров

Жылдан жылға тиімсіз тасталған полиэтилен қалдықтары қоршаған ортаға, әлем экожүйесіне нұқсан келтіруде

Шығыс Қазақстан облысының орталығында аталған проблеманы тегін ЭКО-пакеттер арқылы шешуде. Бұл пакеттер сауда орталықтарында кәдімгі полиэтилен пакеттердің орнына беріліп жатыр.

 Қазақстан әлемдік практикаға сай полиэтилен пакеттердің бөлшек саудада тегін таратылуына тыйым салмақ. Осымен қатар политеэтилен кәсіпорындары өндірісі био жолмен ыдырайтын материалдар, қағаздан қаптама жасауға бағдарлау мәселесі қаралуда. Бұл материалдар адам денсаулығына зиян келтірмей, бір-екі айда жойылады. Сонымен қатар ҚР Экология кодексінің 301-бабына сәйкес полиэтилен қалдықтарын полигондарда сақтауға тыйым салынған.

 Полиэтилен пакеттерінен құтылу бойынша балама шешімді ШҚО облыс орталығындағы кәсіпорын ұсынды. «Argument Media» ЖШС Өскемен қаласы бойынша «Нан-тоқаш өнімдеріне арналған жарнамалық қаптама» пайдалы моделіне патент иесі. Олар ЭКОпакеттерді сауда нүктелері бойынша таратып жүр.

 ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан Өскемен бизнес-қоғамдастығына аталған бастаманы ЭКОпакеттерде жарнама орналастыру арқылы қолдауды ұсыныды. Осылайша қала тұрғындары ЭКОпакеттерге тез үйреніп, уақыт өте келе қала қоқыс полигоны сиреп, залалды өрт  жұмыстары азаяды.

 «ЭКОпакеттерді өндіру жаңартпалы, экологиялық таза, тамақ өнімдеріне қауіпсіз материалдардан жасалады. Кәсіпорын өндірісте қоршаған ортаға аз зиян келтіреді. Пакеттер үш ай ішінде ыдырап кетеді. Олардың өндірісі әзірге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жолға қойылған, бірақ егер оны танымал жарнама тасымалы ретінде қолданса, онда аталған бизнес Қазақстанның басқа да өңірлеріне тартымды болады», – деді «Argument Media» ЖШС директоры Вадим Кузнецов.

 Экопакттерге тиімді жарнама орналастырып, қоршаған ортаның жақсаруына үлес қосқысы келетін кәсіпкерлер «Argument Media» ЖШС-на, мына нөмерлер арқылы хабарласа алады: 8-776-605-55-56, сондай-ақ эл. пошта: ecopak_ukg@mail.ru, сайт: homeinfo.kz/uka

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер