«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес дамуына қажетті әлеуетті нишаларға зерттеу жүргізуде

2019 жылғы 16 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
5746 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында бизнес қажеттіліктеріне талдау жасау арқылы жаппай кәсіпкерлік дамуына арналған әлеуетті нарықтық нишаларды зерттеу жүріп жатыр. Аталған акция өңірлік даму карталарын әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды

2019 жылдың басында Мемлекет басшысы әр өңірдің бәсекелік артықшылықтарына ел ауқымында скрининг жүргізіп, соның негізінде аумақты дамыту картасы және көрсеткіштерді нақты белгілеумен оларды ары қарай дамыту бойынша іс-шаралар жоспарларын құруды тапсырды.

 Скринингті жүргізу бизнеске арналған жаңа нишаларды табумен қоса, бизнес объектілеріне әлеуеттік геолокацияларды дамуға көмектеседі, яғни әр өңірдің бизнес түрлерін ашуда жекелей нақты қажеттіліктер көрінісін қалыптастырады.  Зерттеу нәтижесінде импортты алмастыруға нақты бағыттар, шикізатпен және қажетті өнімдермен қосымша жүктеме көлемі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кадрларға қажеттілігі, ШОК субъектілерінің мемлекеттік және басқа да сатып алуларға қатысуы  анықталады.

 Скрининг кәсіпкерлер және үй шаруашылықтары иелерінің  статистикалық және сауалнамалық деректері негізінде жүргізілуде. Осы ретте анағұрлым тереңдетілген нәтижелерді және елді мекендерді дамыту үшін жан-жақты пікрірлерді алу үшін «Атамкен» ҰКП филиалдарының сарапшылары, жергілікті органдар және ірі бизнес өкілдеріне сауалнамалар жүргізілуде.

Статистикалық талдау кезеңінде тамыз айында байланыс деректер базасы, мамандарға деген қажеттіліктер базасы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, жергілікті атқарушы органдар берген статистикалық және ведомстволық  деректермен кәсіпорындардың тізілімі дайындалды.

2019 жылдың қазан айына дейін ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және жергілікті атқарушы органдар бірлесуімен далалық жұмыстар, атап айтқанда әлеуметтік сауалнама жүргізу мақсатында үй-үйді аралау жұмысы жүргізілуде. Респондеттерге демографиялық мәліметтер, кәсіпорын, қызметкерлер, бизнесті жүргізудегі бар кедергілер, бизнес-ортаның көші-қоны, кәсіпорындардың қаржылық жағдайына қатысты сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

 Эмпирикалық талдау кезеңінде жиналған деректерді өңдеу және талдау жүргізіледі. Зерттеудің аяғы 2019 жыл 20 желтоқсанға жоспарланып отыр.

  «Осы жұмыс арқылы еңбек нарығында қандай мамандықтар сұраныста, мына өңірде бизнестің қандай түрін дамытқан дұрыс, халыққа қандай таруалра қажетті екенін анықтауға болады. Палата жұмыс істеп жатқан өткізу тізбектерін анықтайды, тауар өндірушілер базасы өндірілетін өнім түрлерін сатып алынатын шикізат бағдар көлемдерді жинақтап, кәсіпкерлердің контрагенттерін анықтайды. Импорт статистикасына қосымша талдау жүргізіледі, ол қажетті тауарларға сұранысты анықтайды. Осылайша біз анықталған өндірістік нишаларды негіздеп, жергілікті кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, халықтың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымға қажеттілігін айқындай аламыз. Скрининг қорытындысы бірыңғай электронды платформада цифрландырылады», – ШҚО Жобаларды сүймелдеу бөлімінің бастығы Іңкәр Аманбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер