«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына ШҚО-ның үздік 9 кәсіпорны аттанады

2019 жылғы 24 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
6441 просмотров

11-12 қазанда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында жеңіске жеткен Шығыс Қазақстан кәсіпорындары байқаудың республикалық деңгейіне Нұр-Сұлтан қаласына барады, онда ең сапалы өнім шығаратын елдің жетекші компаниялары анықталады

 «Қазақстанның үздік тауары-2019»  республикалық көрме-байқауы «Көрме» орталығында жәрмеңке түрінде өтеді. Оған әр өңірден тоғыздан  жеңімпаз кәсіпорындар келеді – барлығы 153 кәсіпорын. Көрме-байқау қорытындысы бойынша, сараптамалық топ 27 үздік компанияны іріктейді, ал 15-25 қазан аралығында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында қазақстандықтар ұнаған қатысушылар пайдасына өз дауыстарын онлайн бере алады.  

 Халық дауыс беруінің қорытындысы жасалып, құжаттар тексерілген соң республикалық байқаудың 9 жеңімпазы 3 аталым бойынша жарияланады.

 Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 5 шілдесінде Шығыс Қазақстанда өңірлік көрме-байқаудың қорытындысы бойынша үздік компаниялар анықталды:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» – «АЗИЯ АВТО» АҚ, «Масла и смазки Казахстана» ЖШС,  «УК Триплекс» ЖШС.
  •  «Халыққа арналған үздік тауарлар» – «ТЕРРА ВИТА» ЖШС,  «Роза киіз басу комбинаты» ЖШС, «Аль-Прима» ЖШС.
  • «Үздік азық-түлік тауарлары» –  «Eco Product» ЖШС, КХ «Қалиқанұлы» ШҚ,   «Мельникова Н. В.» жеке кәсіпкерлігі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кезеңде жеңіске жеткен кәсіпорындарға сәттілік тілеп, Шығыс Қазақстан облысы бизнес-қоғамдастығы мен тұрғындарға жерлестеріне белгіленген уақыт аралығында  atameken.kz сайтында дауыс беруге шақырады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер