«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскемендік өнертапқыш колледж студенттерімен кездесті

2019 жылғы 16 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
5261 просмотров

14 қазанда Өскеменде Д.Серікбаев атындағы ШҚМҚУ Жоғары ІТ-колледжі студенттерінің «ЭкоПроф»  ЖШС директоры Нұрлан Нұғымановпен кездесуі өтті

Кездесу өнімді әрі танымды өрбіді, 17-СТ-2р, 17-ВТ-2р, 17-ЦМ-2к топтарының студенттері Нұрлан Нұғымановтың табыс жолына, кәсіби қызметіне, табандылығы мен өмірлік ұстанымына тәнті болды.

 Нұрлан Сейітқанұлы өз тәжірибесін мысалға келтіріп, кәсіпкерлік, ұстаздық және ғылми қызметті қатар алып жүрудің мүмкіндігін айтты. Өз әңгімесінде ол бизнес және ғылымның дамуында маңызды факторлар – инновациялр, әзірлемелер туралы айтты, олардың экономикаға әсерін айтты. Осы сөздердің дәлелі ретінде кәсіпкер өзінің туындысы – жартылай тіркемелі грейдерді көрсетті, осындай жобаны қолға алуға не түрткі болды, техниканың ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы ақпарат берді.

Нұрлан Нұғыманов кәсіпкерліктің басқа да аспектілерін, атап айтқанда нарықты зерттеуге баса назар бөлді. Өз әзірлемесін мысалға келтірді бұл аппарттың баламасы болмағандықтан нарықтағы сұранысын тез тапқан. «ЭкоПроф»  ЖШС нарықты және мақсатты аудиторияны егжей-тегжейлі зерттеген – ал бүгінде кәсіпкер грейдер қызметін тұтынатын бірнеше компаниямен жұмыс істейді.

 Нұрлан Нұғыманов бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, алға қарай ұмтылып отыр. Кәсіпкер студенттерге адами келбеттің, адал азамат және мақсатты адам болудың маңызын айтты.

Танымды әрі пайдалы кездесу үшін жастар Нұрлан Сейітқанұлына алғыс білдірді. Болашақ бизнесмендердің бойында жаңа идеялар мен кәсіп ашуға құлшыныс пайда болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер