«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Колледж студенттері кәсіпкердің дәрісіне қатысты

2019 жылғы 19 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
5207 просмотров

15 қарашада Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінде «АгроБАМ! шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Қасенов студенттерге ҰКП-ның «Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызмет негіздері» жобасы шеңберінде қонақ дәрісті жүргізді

«АгроБАМ» шаруа қожалығының қызметін айта отырып, Жақсылық Жапарханұлы жастарға тиімді бизнес түрлерін атап өтті, шаруашылық жүргізу қызметінде кәсіпкерліктің пайдасы жайында ақпарат берді. Сонымен қатар бизесмен кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнама туралы деректерді айтты, өзінің мысалында келешекте әр қазақстандық кәсіпкер бола алатынына дәлелдер келтірді.

 «Кәсіпкерлік  біз ойлағандай қиын жол емес», – деді кәсіпкер.

Белсенді диалог барысында Жақсылық Қасенов студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, жеке кәсіп ашуда қандай құжаттар талап етіледі, отбасылық бизнесті қалай ашуға болады, бәселестік ортада қалай жеңуге болады, кәсіпкерлерде демалыс күндері болатыны жайында бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер