«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскеменде «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебінің 7-ші оқу маусымы аяқталды

2019 жылғы 05 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
6461 просмотров

«Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебі кезекті оқу маусымының қорытындысын шығарды. Өскемен қаласы оқу орындарының 2 оқытушысы мен 17 оқушы кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтағаны туралы сертификаттарын алды. Кәсіпкерлік негіздері курсына 11 оқу бөлімі және бизнес объектілеріне бару қамтылған

 «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебі – Шығыс Қазақстан қоғамының  ауқымды әлеуметтік-білім беру жобасы, онда 2016 жылдан бері 7 оқу маусымына бизнес, мемлекет және үкіметтік емес сектордың 50-ден астам өкілі қатысты. Жоба оның негізін қалаушылар мен коучтардың бастамасымен нөлдік бюджетпен жұмыс істеп жатыр. «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебінің иелері – «Атамекен» ҰКП Өңірлік Іскер әйелдерінің кеңесі және ШҚО бойынша «Авангард-инфо» ақпараттық-консалтингтік компаниясы.

 «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебінің 7-маусымы О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана базасында өтті, онда болашақ кәсіпкерлерді бизнес негіздеріне бизнесмендер, мемелекеттік қызметкерлер және қоғам қайраткерлері оқытты. Соның ішінде ШҚО ӨКП, ШҚО Кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Госзакупки консалтинг» ЖШС, «АТФ-Банк» АҚ өңірлік филиалы, ШҚО Талдау және болжау институтының өкілдері бар.

Сонымен қатар студенттер Өскемен қаласындағы табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға экскурсия жасады. Олардың қатарында «Казцинк» ЖШС, «Өскемен-Молоко» сауда үйі, «Best» білім беру орталығы, «Why not» сұлулық салоны бар. Осы кәсіпорындардың топ-менеджерлері студенттерге табысты бизнестің қыр-сырларын айтты.

 Оқу барысында Мектеп тыңдаушылары кәсіпкерлік негіздерін игерді. Бизнес-жоспарларын құрды. «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебін аяқтау туралы сертификаттан бөлек, студенттер ШҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы атынан сертификаттар алды. Бұл сертификаттар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкердікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы грант немесе жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.

 «Бұл білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік берген естен кетпес сәттер. Мен жақсы тәжірибе алдым, жеке бизнесті дамытуға мүмкіндік, жаңа іскерлік байланыстарды алдым. Алған ақпарат өте пайдалы, оның кәдеге асатыны сөзсіз.  Ұйымдастырушыларға қызметте табыс, жаңа сәтті жобалардың іске асуын тілеймін», – дейді 7 маусымның түлегі Әйгерім Ертайқызы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер