ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, Көлік прокуратурасы және «Nur Otan» филиалы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Nur Otan» Партиясының Өскемен қалалық филиалының қатысуымен ШҚО Көлік прокуратурасы және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы 2020 жылға кәіпкерлік субъектілерінің өзара әрекеттесуі мәселелері жөнінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Келісімнің мақсаты – теміржол, әуе, құбыр тарту, су және автомобиль көлігіндегі кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы фактілеріне жедел әрекет ету, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдай жасау.
Меморандум шеңберінде бірлескен мобильді топтардың қызметін қамтамасыз ету, заңнаманы түсіндіру, кәсіпкерлерді жүйелік бизнес мәселелерін шешу процесіне тарту, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін құқықтық жағдайлар жасау, көлік аймағындағы бизнес жүргізудің тұрақтылығын сақтау қарастырылған.
Көлік саласындағы кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары туралы бизнес өкілдері ШҚО Көлік прокуратурасының «жедел желі» телефонына хабарлай алады 8 (7232) 61-40-69. Сондай-ақ кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдармен ШҚО Кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады: 8 (7232) 74-21-04.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: