ШҚО туристік бизнесі инвестор іздейді
Шығыс Қазақстан туризм саласының дамуына инвестиция салып жатқан құрметті кәсіпкерлер! ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамыту жөнінде қызықты жобаны назарларыңызға ұсынады
«Абайбек» демалыс үйі Үржар ауданында орналасқан, ол табиғи ресурстарға бай. Қолданыстағы бизнесті кеңейту, кірісті ұлғайту және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Абайбек» демалыс үйінің базасында балаларды сауықтыру-профилактикалық емдеу, оңалту орталығын салу» жобасын іске асыру үшін кәсіпорынға 70 млн теңге көлемінде қаражат қажет. Жоба екіқабатты үй салу, ас үйдің жабдығын алуды қарастырады. Жоба авторлары тиімді және бәсекеге қабілетті кәсіпорынды құруды көздейді.
Аталған қызметтердің нарығы ашық, ал қызметтердің өзі – сапа әрі баға жағынан бәсекеге қабілетті.
Жобаға қызығушылық танытқан әлеуетті инвесторларды ШҚО Кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз: электронды пошта d.esembaeva@atameken.kz, тел: 8 (7232) 702-954, 8-777-519-06-05 (Дидара Есембаева).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: