Кәсіби бағдар – маңызды қадам
27 ақпан күні Аягөз қаласының жалпы білім беретін №1 орта мектептің 9 «а», «б», «в» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері А. Коканова, М. Затова, Ш. Құсайнова жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандық әлеміне саяхат» атты ашық сабағын ұйымдастырды
Кәсіби бағдарға арналған ашық сабақтың арнайы қонағы арасындағы ШҚО Кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Ұлан Мұхаметқалиев келді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – 9-сыныпты аяқтағалы отырған оқушыларға мамандық таңдаудың жауапкершілікті талап ететінігі жайында түсінік беру. Мамандық өмір таңдауы екендігіне балалардың көз жеткізу, кәсіби кеңес беру, кәсіпкерлік негіздеріне баулу.
Сабақтың барысында оқушылар мамандыққа байланысты түрлі тапсырмалар орындап,болашақта қажетті мамандықтарға тоқталып өз пікірлерімен бөлісті.
Сабақ барысында ӨКП менеджер-кеңесшісі Ұлан Мұхаметқалиев өзінің еңбектегі іс-тәжірибесімен бөлісіп,жеке кәсіпкерлік бизнесті жандандыру туралы ұсыныс білдіріп,кәсіпкерліктің қысқаша қыр-сырларына тоқталып өтті. Спикер, сонымен қатар жастарға арналған кәсіпкерлік негіздері курстары, стартап жобалар, ҰКП жүргізетін ЖОО рейтингі туралы ақпарат беріп, жас кәсіпкерлер жайында нақты мысалдар келтірді.
Мектеп директоры Мархабат Жақыпбекова бастаған бір топ мұғалім оқушыларға мамандық таңдауда сүрінбей, өз қалауларымен биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.
Сөз соңында сынып жетекшілер өз ісінің маманы болуға кеңес беріп сабақты қорытындылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: