«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскеменде шаруаларға арналған оқу семинары өтті

2020 жылғы 10 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5798 просмотров

Өскемен қаласында Lechler неміс компаниясы атынан шаруа және фермерлік қожалықтарына  арналған «Бүрку форсункаларын дұрыс таңдау – жер шаруашылығында табыс кепілі» атты оқу семинары өткізілді. Семинар ШҚО Кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен «Агрофорс» жеке кәсіпкерлігі ұйымдастырды

 Семинар 6 наурызда «Shine River» қонақүйінде өтті, оған Шығыс Қазақстан агроөнеркәсіп секторының 30-дан астам өкілі қатысты. Семинарда Lechler компаниясының өкілі дәріс оқыды, маман аталған кездесуді тәжірибе алмасу ретінде таныстырды.

Спикер егіс алқабын пестицидтермен бүркігенде саңылаулы форсункадан гөрі инжекторлы форсунканың артықшылығын айтты. Инжекторлы форсунка қымбат тұрады, бірақ оның саңылаулы форсункадан гөрі бірқатар артықшылығы бар – тозуға төзімділік, ірі тамшыларды түзей алу, осылайша бүркеме аппараты көрші алқаптар, су қоймалары немесе елдімекен аумағына тимей, тек қажетті аумақты ғана өңдейді.

 "Өсімдіктерді бүркудің мақсаты – форсункадан шыққан сұйықтықтың барлығы нысанға тиюі керек. Яғни мұнда тамшылардың мөлшері үлкен рөл атқарады. Саңылаулы форсункалар, әдетте ұсақ тамшылар түзеді. 100-микронды тамшы 20 градус температурада және 40% ылғалдықта небәрі 10 секунд қана тіршілік етеді. Алайда 30 градуста, бірақ жоғары ылғалдықта тамшы көбірек уақыт құрғамайды. Демек, егер егістіктікке шығып, температура мен ылғалдықты есепке алмаса, онда қоршаған орта тамшылардан ылғалды сорады. Егер ауада ылғал деңгейі жеткілікті болса, онда майда тамшымен жұмыс істеуге болады. Егер ауа райы жағдайы қолайсыз болса – онда ірі тамшымен бүрку керек. Агроном жұмысы нақты ғылымдарға қарағанда анағұрлым шығармашыл», – деді дәріскер.

 Майда тамшылар нысаналы қабатқа дейін 5-10 секунд ұшады, осы уақыт ішінде оларды леп шетке ығыстыруы мүмкін немесе тамшылар агрессияшыл ортада құрғап кетеді. Ірі тамшыға қажет нысанға ытқып шығу үшін жарты секунд жеткілікті. Саңылаулы форсункада буланып кетуге әлеует жұмсалады және препараттың барлығы дерлік нысанға тимейді. Инжекторлы форсункада тамшылар ауамен араласады. Осылайша олар іріленіп, тезірек ытқиды да жапыраққа түскенде ұсақ фракцияларға бөлініп, төмен ағады.

 Тұтастай алғанда, форсункаларды дұрыс таңдау үшін келесі ерекшеліктерге назар аударған жөн: қолдану түрі (жүйелі, контакті, жүйелі-контактілі), нысанды қабат (препаратты егістіктің беткі қабатына немесе сабақ астына тосу керек  пе) су шығыны, табиғи жағдай, бүрку жылдамдығы, тамшы мөлшері және т.б. осы параметрлер ескерілсе, нәтиже де жақсы болады.

 Семинарға қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытты. Барлығы арзан құралдан гөрі, нәтиже беретін сапалы құрылғыны алуға қатысты ойланды.

  Инжекторлы форсунканы алуға қатысты ақпаратты алу үшін мына телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: 8-776-179-00-16 немесе e-mail: agrospray@mail.ru

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер