«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы

2020 жылғы 11 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
8712 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Шәкербек Мәріпбек Шәкербекұлы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

 35 жасар Мәріпбек Шәкербек – Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауылында туған.

 2006 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Түрлі-түсті металлургия» мамандығы бойынша аяқтаған, 2013 жылы Семей қаласында «Экономика» мамандығы бойынша «Қайнар» университетін тәмамдады.

 2006-2010 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде басқарма бастығы қызметін атқарушы, жетекші маман, бас сарапшы, бірінші санаттағы сарапшы, статист қызметінде еңбек етті.

 2012-2014 жылдары «Қазақстан индустрия дамыту инстиуты» АҚ-та Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны мониторинг орталығында бас менеджер, өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту орталығының бас менеджері болып жұмыс істеді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2014 жылдың тамыз айынан бері қызмет атқарады. Үшнші санаттағы сарапшыдан бастап Орталық аппараттың өңірлік департаменті директорына дейін өсіп, соңғы екі жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры қызметінде болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер